ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің ресми сапары


Жоспар.  

Кіріспе….1
Негізгі бөлім.
Қазақстан сыртқы саясатының көп жақтылығы туралы……2
Қазақстан және Азия құрлығындағы мемлекеттер (Қытай Халық Демократиялық Республикасы)…..5
Қорытынды………….10
Пайдаланылған әдебиеттер…….11


Кіріспе.

Тарихи өлшем бойынша өте қысқа мер­зімде Қазақстан халықаралық қаты­нас­тардың жауапты субъектісі ретіндегі бе­делін бекітті. Мемлекетіміз өзекті әлем­дік мәселелерді шешу және жаңа әлем­дік тәртіпті құру ісіне белсенді қатысуда. Бүгін Қазақстан халықаралық аренада тұрақ­тылықтың, мемлекет дамуының қарқынды және өркендеген моделінің генераторы ретінде лайықты бағасын алып отыр.

Қазақстан іргелес елдермен әлемдегі ең ұзақ құрлық шекараларын халық­ара­лық шарттармен бекітіп, көршілес және әлемнің жетекші елдерімен достық және өзара пайдалы ынтымақтастық қат­ы­нас­тарын құрды. Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас ор­нат­ты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсі­би дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақ­тас­тықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкі­­метаралық және ведомствоаралық дең­гейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.

Қазақстанның өңірдегі және әлемдегі өсе түсіп отырған беделі тұтастай ал­ған­да бірқатар сыртқы саяси бастамалардың сәтті іске асырылуымен айшықталса, әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық әріптестіктің қалыптастырылуымен, ха­лық­аралық ұйымдардағы белсенді қыз­метімен қамтамасыз етілуде және Қа­зақ­станның экономикалық қуатының қар­қын­ды өсіміне, сыртқы әлеммен сауда-экономикалық, сондай-ақ инвестициялық байланыстарды үдемелі кеңейтуге негізделуде. Осы жылдар ішінде Елбасының жүздеген жұмыс және ресми сапарлары, сондай-ақ шетелдердің мемлекеттер, үкі­меттер, халықаралық ұйымдар мен сырт­қы саясат ведомстволары басшыларының Қазақстанға сапарлары өткізілді.

Қытаймен арадағы қатынас жоғары деңгейде болуы шарт, себебі қазіргі кезеңдегі тұрмыстық және күнделікті тұтынатын тауарлардын барлығы дерлік аталған елден келеді.Семестрлік жұмыстың өзектілігі қазақ қытай қатынасының жетістігі мен болашығы жайлы болуында. Семестрлік жұмысты жазу барысында тек сауда саттық қана емес ұлттық қауіпсіздікті де ескеру қажеттілігін ескердім. Себебі қазіргі таңдағы еліміздегі пайдалы қазбалардың көп бөлігі аталған елдің меншігінде… Бас қатырарлық жағдай арине.
Қазақстан сыртқы саясатының көп жақтылығы туралы.

       1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты.          Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы. 

     Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

     Көп бағытты саясат – мемлекеттің сыртқы саясатының тепе-теңділігін, сарабдалдығын, сындарлылығын және аса икемділігін, әр түрлі мемлекет мүдделерінің алуан реңкті кең ауқымы ескерілуін қамтитын ұғым. К. б. с. елдің сыртқы саясаты тұрақты да тұрлаулы жүргізілуін, оның белгілі бір аймақтағы жағдайдың болжанбаған сипатта өрбуіне, әлемдік рыноктағы жағдайдың өзгеруіне тікелей тәуелді болмауын көздейді. Сыртқы саясаттағы белсенділік, жаһандық және аймақтық құбылыстарға араласу, халықар. жағдайдың қазіргі және келешектегі даму бағыттарына жан-жақты талдау жасап отыру, барлық мүдделі елдермен екі жақты ынтымақтастықтың дамытылуын назарда ұстау және халықар. ұйымдарда белсенді жұмыс жасау мәселелерін қатар әрі үйлесімді жүзеге асыруға тырысу – көпбағыттылықтың мән-маңызы мен мақсат-мұраты. ҚР Конституциясының 8-бабында, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конституциялық Заңда (16.12.1991) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы халықар. құқық принциптері негізінде жүргізілетіндігі, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасалатыны, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау құқықтары құрметтелетіні, халықар. дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын ұстанатыны бекем бекітілген. Осыған орай Қазақстан Республикасында жүргізілетін К. б. с-тың негізгі мақсаттары мыналар:
Әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайды қамтамасыз ету, шетелдік инвестицияларды тарту; халықар. ұйымдар тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету және басқа елдермен сауда-экон. байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу; берік халықар.-құқықтық іргетасқа негізделген достық пен тату көршілестік белдеуінің барша тараптан жаппай шекараласып жатуын қамтамасыз ету.Еліміздің  К. б. с. тұжырымдамасы шеңберіндегі негізгі міндеттері мыналар: 1) аймақтағы елдермен, жақын көршілермен көпжақты ынтымақтастық; индустриялық жағынан дамыған елдерден, сондай-ақ халықар. қаржы-экон. ин-ттардан ел экономикасына ірі көлемді инвестицияларды жұмылдыру; жекелеген мемлекеттер мен халықар. ұйымдарды мемлекеттің экон. мәселелерін және әлемдік коммуникацияларға шығу жолдарын қамтамасыз ету мәселесін шешу іс жүзінде жәрдем көрсетуге тарту; экономика және мемл. басқару саласындағы мамандарды шет елде дайындау бағдарламаларын қамтамасыз ету; ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықар. ұйымдармен және бірлестіктермен ақпарат алмасуға қатысу;  жетекші халықаралық саяси және дипломатиялық институттармен  байланыстардың тұрақты кеңейтілуін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы қатынастар 

       Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 3 қаңтарында орнатылды.

Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі И.Адырбекұлы өз міндеттерін 2007 жылдың сәуірінен бастап орындауда.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжоу Ли өз міндеттерін 2010 жылдың мамырынан бері атқаруда.
Саяси қатынастар 

      Қытайда Пекин қаласында орналасқан ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж. желтоқсаннан бері), Шанхай (2003 ж. тамызынан бері) мен Гонконг (2005 ж. мамырынан бері) қалаларында ҚР Бас консулдықтары, ал Үрімші қаласында Төл-құжат визалық қызметі (1995 ж. мамырынан, консулдық мекеменің мәртебесі жоқ) жұмыс атқаруда.

Астана қаласындағы ҚХР Елшілігінен басқа Алматы қаласында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде ҚХР Бас консулдығы жұмыс атқаруда.

Қазіргі заманғы Қазақстан мен Қытай қатынастары екі елдің қол жеткізген келісімдерін жүйелі түрде жүзеге асырумен ерекшеленеді. ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді, әрі тұрақты дамуын Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларация (2005 жылғы 4 шілде), Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы 23 желтоқсан), Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті (2004 жылғы 2 шілдеде құрылған), 21-ші ғасырдағы Стратегиялық ынтымақтастық (2006 жылғы 20 желтоқсан) және экономикалық ынтымақтастық даму тұжырымдамасы (2006 жылғы 20 желтоқсан)  қамтамасыз етуде.

Бүгінгі таңда жиналған ынтымақтастық тәжірбиесінің арқасында екі елдің қатынастары әрі қарай даму қарқынын көресетуде. Бұл тұрғыда екі ел арасында қалыптасқан ең жоғарығы және жоғарығы деңгейдегі байланыстар  қатынастарды дамытуда өте маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР сапарлары 1993 жылғы 18-21 қазанда ресми сапар; 1995 жылғы 11-13 қыркүйекте мемлекеттік сапар; 1999 жылғы 23-27 қарашада мемлекеттік сапар; 2002 жылғы 22-25 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 16-19 мамырда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 24-25 қыркүйекте жұмыс сапары; 2006 жылғы 19-22 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2008 жылғы 7-10 тамызда 29-шы жазғы Олимпияда ойындарының ашылу рәсіміне қатысу шеңберіндегі жұмыс сапары; 2009 жылғы 15-19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Азиялық Боао форумына қатысуымен ұштасқан Қытайға сапары өткізілді.

2011 жылғы 21-23 ақпанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында Елбасы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен келіссөздер жүргізіп, Бүкілқытайлық  халық өкілдері құрылтайының Тұрақты комитетінің Төрағасы У Банго және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен кездесулер өткізді.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша ҚР Президенті мен ҚХР Төрағасы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Екі мемлекет басшыларының қатысуымен энергетика, трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау, Астана-Алматы бағытындағы шапшаңдығы жоғары қозғалысқа есептелген теміржол магистралын салу және т.б. салаларындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мен меморандумдар қабылданды.

Қытай тарапының ең жоғарғы деңгейдегі сапарлары 1996 жылғы 4-6 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің мемлекеттік сапары; 1998 ж. 4 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цземиннің жұмыс сапары; 2000 жылғы 27-30 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің ресми сапары; 2003 жылғы 2-4 шілде – ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2005 жылғы 3-4 шілде – ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2007 жылғы 17-18 тамызында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары; 2009 жылғы 12-13 желтоқсанда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

2010 жылғы 11-12 шілдеде ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Келіссөздердің қорытындылары бойынша энергетика, экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық жайындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан тарапының үкімет басшылары деңгейіндегі сапарлары

1992 жылғы 24-28 ақпан – ҚР Преьмер-Министрі С.Терещенконың сапары; 1998 жылғы 7-12 мамыр – ҚР Премьер-Министрі Н.Балғымбаевтың ресми сапары; 2004 жылғы 22-26 желтоқсан – ҚР Парлметі Сенатының Төрағасы Н.Абықаевтың сапары; 2007 ж. 17-18 наурыз – ҚР Премьер-Министрі К.Масімовтың жұмыс сапары; 2008 жылғы 9-12 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың кезекті Азиялық Боао форумына қатысумен ұштастырылған ҚХР-ға ресми сапары өтті; 2009 жылғы 22-24 қарашада ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті; 2010 жылғы 29-30 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов  Шанхайға сапар шегіп, ЭКСПО-2010 дүниежүзілік көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты және ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесу өткізген болатын; 2010 жылғы 15 қырқүйекте ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Қорғас Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жұмыс сапармен болды; 2010 жылғы 14 қазанда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті.

       Қытай тарапының жоғарғы деңгейдегі сапарлары 

1994 жылғы 25-28 сәуір – ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Ли Пеннің ресми сапары; 1997 жылғы 24-25 қыркүйек – ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Ли Пеннің сапары; 2001 жылғы 13-15 қыркүйек – ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Чжу Жунцзидің ресми сапары; 2002 жылғы 8-9 сәуір – Қытай халықтық саяси консультативтік кеңес төрағасының орынбасары Ван Вэннің екінші Евразиялық экономикалық саммитке қатысу шеңберіндегі Алматыға сапары; 2006 жылғы 9-12 қаңтар – ҚХР Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхуаның ҚР Президенті Н.Назарбаевтың иногурациясына қатысуы.

2008 жылғы 29-31 қазанда ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Вэн Цзябао Астанада ұйымдастырылған Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының Үкімет басшылары кеңесіне қатысу шеңберінде, Қазақстанға алғаш сапарын өткізді. Сапар барысында тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға кол коюмен бірге, екі елдің үкімет басшылары Біріккен коммюнике қабылдады.

ҚР Парламенті мен Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайы (БХӨҚ) арасындағы қатынастар да нығаюда. 2007 жылғы 10-13 қыркүйегінде БХӨҚ Тұрақты комитет төрағасының орынбасары Хэ Лули Қазақстанға сапарын жасады.

Екі елдің бұл саладағы қатынастарының маңызды оқиғасының бірі 2008 жылғы 23-28 қаңтардағы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың Қытайға жасаған сапары болып табылады. Сапар барысында Қ.Тоқаев ҚХР Төрағасы Ху Цзинтао мен БХӨҚ Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесіп, қазақстан-қытай қатынастарының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алысты.

2010 жылғы 21 шілдеде Парламент төрағаларының бүкіләлемдік үшінші конференциясының шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың БХӨҚ Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангомен кездесуі өтті.

2010 жылғы 9-11 қарашада ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлиньнің Қазақстанға сапары өтті.

Екі елдің сыртқы саясат мекемелері арасындағы ынтымақтастық қатынастары да қарқынды дамуда. 2010 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев ҚХР-ға сапар шекті.

2010 жылғы 27-29 желтоқсанда ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға ресми сапармен келіп, сапар нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР Сыртқы істер министрлігі арасында 2011-2013 жылдардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі жақты қатынастардың ілгері дамуында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің үйлестіруші орны нығаюда. Комитет 10 профильдік кіші комитеттер мен 1 трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Біріккен комиссиядан тұрады.

Қазақстан мен Қытай арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде берік байланыстар орнатылған. Қытай Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бойынша кеңесті шақыру процесін қолдайды.

Сонымен қатар Пекин Астанамен Әлем және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің шеңберінде де өзара әрекет жасайды.

Қазіргі кезде Қазақстан ҚХР-дың сыртқы саудасында өзара тауар айналымының көлемі жағынан Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды берік ұстауда. 2010 жылда екі жақты тауарлар айналымы 14,1 млрд. долл. (ҚХР кеден статистикасына сәйкес – 20,4 млрд. долл.) құрды.

Қолданысқа енгізілген Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры маңызды стратегиялық мағынаға ие, бұл желіс Қазақстанға мұнай экспортының бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік туғызумен қатар, ҚР-дың транзиттік әлеуетін де толығырақ пайдалануға жол ашады. Бұдан басқа, тараптар Бейнеу-Базой-Шымкент газ құбырының 2-ші кезегін салу, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын, Ақтау пластмассалар зауытын, Мойнақ СЭС қайта құру және салу жөніндегі жобаларын іске асыруда.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы белеске көтеріліп, шикізаттан тыс салалардағы әрекеттестікке бағыт алуда. Осыған байланысты 2007 жылы тараптар Экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Аталған құжат екі жақты тауарлар айналымын тиімді әртараптандыру мақсатында ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Бұған қосымша 2008 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы шикізат емес салалардағы ынтымақтастық бағдарламасының іс-шаралар жоспары қабылданды. Аталған жоспар ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар, шекара маңындағы сауда, көлік және коммуникациялар салаларындағы 20 жобадан тұрады.

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайту жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың маңызды оқиғаларының арасында Абайдың 150 жылдығын тойлауына байланысты Пекинде өткізілген салтанатты іс-шараларды (1995 жыл), Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін (2001 жыл), Қытайдың Қазақстандағы Мәдениет күндерін (2002 жыл), Алматыда ұйымдастырылған Қытайдың ғылыми-техникалық көрмесін (2002 жыл), Алматының Шанхайдағы мәдениет күндерін (2004 жыл), Шанхайдың Алматыдағы мәдениет күндерін (2005 жыл) атап өтуге болады. 2008 жылдың маусымында Қазақстан астанасының 10-жылдық мерекесін тойлау шеңберінде Астанада Чунцин қаласының (ҚХР, Сычуань провинциясы) Мәдениет күндері табысты өтті. 2010 жылғы 3 ақпан мен 4 наурыз аралығында Астанада Қытай жібек мұражайының Жібек жолы – Қытайдың жібек өнері атты көрмесі өтті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісімнің негізінде жыл сайын студенттер алмасу жүзеге асырылуда. Екі ел жоғары оқу орындары арасында да тікелей байланыстар орнатылған. Қазіргі уақытта 3 мыңнан астам қазақстандық студенттер Қытайда білім алуда.

Еліміздін пайдалы қорларының көп бөлігінің аспан асты еліне өтіп кетуі еліміздің елдігі үшін қауіпті болуы заңды, себебі қытайлықтардан мұхиттың арғы жағындағы АҚШ сақтану шараларын жасауда… Ал біз сол қазақтыққа салынып іргемізде жатқан алпауыт айдаһарға қолымыздағы барымызды беріп, есесіне өңделген қытайдың тауарларын бірнеше есес қымбат бағада сатып алудамыз. Теңгеміз кетіп жатыр, теңгеміз ғана емес ата бабамыз найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған ұлан ғайыр жерімізде сол айдаһарға жұтылып кетпесе болды…
Қорытынды.

     Қазақта “ Жақсы көрші — төрің, Жаман көрші — көрің” деген сөз бар.  Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақ­стан Орталық Азиядағы өз ұстаным­да­рын ны­ғайтты. Отанымыз өңірлік эко­но­миканы белсенді инвестициялау мен қа­зіргі кездегі сынақтар мен қатерлерге бірге қарсы тұруда Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру бойынша саясат жүр­гізуде. Қауіпсіздік, су-энергетикалық ре­сурстарды тиімді пайдалану, еңбек ми­гра­циясы проблемалары мен өңір өмі­рі­нің басқа да өзекті мәселелері назары­мыздан тыс қалмақ емес.

Шығыстағы ұлы көршіміз – Қытай Халық Республикасымен барлық бағыт­ты қамтитын стратегиялық ынтымақ­тастық қатынастарды нығайту Қазақстан сыртқы саясаты сындарлылығының айға­ғы. Жаһандық ықпалы арта түсіп отырған осы елмен екіжақты сауда-экономикалық бай­ланысты тереңдету арқылы еліміз әріптес­тік әлеуетін өз мүддесіне пайдалануда.

Сонымен, қорыта айтқанда қазақ қытай қарым қатынасы өте ерте кездерден бері үздіксіз жалғасып келеді. Ұлы Жібек жолының пайда болуымен сауда саттық, мәдениет алмасуы жоғарғы деңгейге жетті. Қытай елімен қатынаста тәуелсіз қазақ елінің аларымен қатар жоғалтары да өте көп болды…

Cеместрлік жұмысты жазу барысында өзіме бейтаныс көптеген жана мәліметтермен таныстым. Қазақ қытай қарым қатынасын ғаламтордағы ақпараттармен салыстыра отырып, өз ойымды жеткізуге тырыстым, көзқарасымды білдірдім. Менің ұстанымым ұлы держава алдында басымызды имей, тең қатарлы көрші ретінде қатынаста болу, өз мүддемізді жоғары қойып, еліміз бен жеріміздің қауіпсіздігін сақтау.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Тоқаев Қ., Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Қазақстанның сыртқы саясатына – 20 жыл атты мақаласы Егемен Қазақстан газеті, 2011 жылғы 16 қараша


Ұқсас жұмыстар
Синьцзян Ұйғыр автономия Іле қазақ облысының экономикалық географиялық проблемалары
ҚХР-мен қарым-қатынастар
Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті
Бабажанов - ғылыми еңбектері үшін ресми марапатталған тұңғыш қазақ
Иммунологиялық төзімділіктің ресми ашылу мерзімі - 1953 жыл
Қожеке Назарұлы (1828, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарқара аулында дүниеге келіп, 1881, ҚХР, Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы, Қызылкүрке қаласы) - күйші - сазгер
Қазылар алқасының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Асқар татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк ., Алтай айм ., Бітеуірге а. - 1996, Алтай қ. ), ақын, ҚХР - дың халық жазушысы (1988)
Ресми хаттар


Көмек