Мемлекеттік қаржылық бақылау

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі нарық жағдайында қаржылық бақылаудың маңызының артуымен түсіндіріледі. Шетел тәжірибесі де, республиканың жинақталған тәжірибесі де жалпы экономика үшін де, жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін де қаржылық бақылаудың қоғам дамуының басқа кезеңдеріне қарағанда анағұрлым қажет екенін көрсетеді.

Мемлекет алдында жан-жақты, жүйелі және кешенді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті тұр. Бұл барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық қырлары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді.

Қаржылық бақылауды дамыту бағыттары

  • Мемлекеттік бақылауды нығайту.
  • Тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту.
  • Түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру.
  • Бақылау органдары қызметін үйлестіру және өзге де бағыттарды іске асыру.

Қаржылық бақылаудың мәні

Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарында ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықша қызмет. Ол қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі ретінде қаржылық жоспарлау және қаржыны жедел басқару сияқты басқа элементтермен тығыз байланыста, бір мезгілде жүзеге асырылады.

Мақсаты

Ғылыми негізделген қаржы саясатын қалыптастыруға және тиімді қаржы механизмін құруға жәрдемдесу.

Нәтижесінің қолданылуы

Қаржылық бақылау арқылы қаржы жоспарларының орындалуы мен қаржы-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Сонымен қатар бақылау нәтижелері қаржылық жоспарлау мен жедел басқаруда қайта пайдаланылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың міндеті

Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті — бюджеттік қаражат пен мемлекеттік мүліктің мақсатты әрі тиімді жұмсалуын мұқият қадағалау. Нарықтық қатынастар жағдайында бұл бақылау мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ететін ең пәрменді тетіктердің бірі болып саналады.

Қаржы саласындағы тәртіп жүйелі түрде қамтамасыз етілген жағдайда ғана Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, халықтың әл-ауқатын арттыруға нақты алғышарттар қалыптасады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері, типтері мен нысандарын теориялық тұрғыдан түсіндіру және жүйелеу.

Міндеттері

  • Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұнын қарастыру.
  • Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлерін зерделеу.
  • Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесімен танысу.
  • Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
  • Соңғы жылдардағы ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау.
  • 2005–2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО бойынша қаржы бақылау органының есебімен танысу.
  • Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шараларын қарастыру және зерттеу.

Жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыс көлемі — 30 бет.