Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi аралас құрмаластар деп аталады
Аралас құрмалас сөйлем туралы
Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысатын құрмалас сөйлем түрі аралас құрмалас деп аталады. Жасалу жолы тұрғысынан аралас құрмалас сөйлем құрмаластың бөлекше, дербес түрі болып саналмайды.
Өйткені мұнда өзіне ғана тән арнайы амал-тәсілдер жоқ: аралас құрмалас сөйлем бұрыннан белгілі салаласа және сабақтаса байланысу тәсілдерінің қабаттаса келуі арқылы жасалады.
Құрылымдық белгілері
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады.
-
Құрамындағы компоненттер саны екіден көп болады.
-
Компоненттері салаласа да, сабақтаса да байланысады.
Мысал
«Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды».