Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
I бөлім
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Ғылымы жоқ елдің әлеуеті әлсіз, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді. Бүгінгі таңда әлемдегі ізгі жетістіктердің басым бөлігі — ғылымның адамзатқа берген игілігі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге танылып келеді; түрлі салада ілгерілеу байқалады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес еліміз — демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет. Мемлекеттің өркендеуі мен нығаюы үшін құқық нормаларын және құқық ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі тетік болғандықтан, кез келген қоғамдық қатынас жалпыға бірдей әрі әділ заң нормалары арқылы жүзеге асуы тиіс.
Заң талаптарын құрметтеу және құқық нормаларын бұлжытпай орындау — әрбір азаматтың қасиетті борышы. Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда және оның тетіктерін жетілдіруде құқық ғылымы салаларының рөлі зор. Бұл міндеттердің елеулі бөлігі заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына жүктеледі.
Қазіргі қылмыстық құқық ғылымының зерттеу басымдықтары
- Қылмыстық жазаны тағайындаудың ғылыми негіздерін жетілдіру.
- Бас бостандығынан айырмайтын шараларды қолданудың құқықтық және ғылыми негіздерін нақтылау.
- Өлім жазасын қолдануды жою мәселесін құқықтық тұрғыдан зерделеу.
- Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың нормативтік-құқықтық қырларын жетілдіру.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскер тұлғасын ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмыстық құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтау — заң ғылымдары алдындағы өзекті міндеттердің бірі.
Қылмыстық құқық теориясында және оқу әдебиеттерінде қылмыс құрамының жалпы түсінігі кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыс құрамының түсінігі — заңдық емес, ғылыми ұғым. Бұл ұғым нақты қылмыстардың белгілерін жинақтау арқылы қалыптасып, барлық қылмыс құрамдарына ортақ элементтер мен белгілерді сипаттайды.
Нақты қылмыс құрамы белгілі бір қылмысқа тән белгілерді көрсетеді. Сонымен қатар әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстарға ортақ, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын белгілер болады.
Қылмыс құрамының міндетті элементтері
Қылмыстық құқық теориясы қылмыста болатын төрт міндетті элементті ажыратады:
Қылмыстың объектісі
Қол сұғушылық бағытталған қоғамдық қатынастар мен құндылықтар.
Объективтік жағы
Әрекет (әрекетсіздік), зардап, себепті байланыс және өзге белгілер.
Субъективтік жағы
Кінә нысаны, мақсат, ниет, психикалық қатынас.
Субъектісі
Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қойылатын талаптар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
- Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі қылмыстық заң туралы ілім екенін айқындау.
- Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт екеніне сипаттама беру.
- Қылмыстық заңның міндеттері ҚК-тің 2-бабында көрсетілген құндылықтарды қорғау және қылмыстың алдын алу екенін талдау: бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі, адам және азамат құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделер, меншік, конституциялық құрылыс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға немесе мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін не зиян келтіру қаупін тудыратын қылмыстық әрекеттерді жасауға жол бермейді.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Ал соттың үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды: олардың заңдық күші тек нақты қылмыстық істер шеңберінде ғана болады.
Қылмыстық заң ережелері міндетті. Оларды сақтау және орындау — лауазымды адамдардың да, барлық азаматтардың да міндеті.
Қылмыстық заңның аумақтан тыс қолданылуы (ҚК-тің 7-бабы)
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олардың әрекеті қылмыс жасалған мемлекеттің аумағында да қылмыс деп танылса және бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Маңызды шектеу
Мұндай адамдарды соттау кезінде жаза қылмыс жасалған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен аспауға тиіс.
Азаматтығы жоқ адамдар да осыған ұқсас негіздер бойынша жауаптылыққа тартылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы
«Қылмыстық заң: құрылымы, жүйесі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жалпы көлемі — 26 бет.