Инвестициялық саясат
Жоспар
1. Индустриялық–инновация құрылымының сипаттамасы мен даму институттары
- 1.1 Инновацияның ұғымы (5-бет)
- 1.2 Мемлекеттің даму институттары (6-бет)
2. Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары
- 2.1 Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жай-күйін талдау және инновациялық даму қажеттілігін негіздеу (10-бет)
- 2.2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары (12-бет)
- 2.3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері (14-бет)
3. Индустриялық–инновацияны қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету және ғылыми–техникалық прогрестің тиімділігі
- 3.1 Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері (23-бет)
- 3.2 Жаңа техника мен технологияның техникалық деңгей көрсеткіштері (25-бет)
- 3.3 Ғылыми–техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі (26-бет)
4. Саясат түрлері
- 4.1 Инвестициялық саясат (28-бет)
- 4.2 Мемлекеттік инвестициялар (29-бет)
- 4.3 Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат (30-бет)
Қорытынды 33-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35-бет
Курстық жұмыс көлемі: 35 бет.
Кіріспе
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000–2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
Құжат ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізуді көздейді.
«Қазақстан–2030» стратегиясындағы ең маңызды басымдықтардың бірі — экономиканың теңгерімді дамуын қамтамасыз ету, жалпы ұлттық өнім құрылымындағы шикізат үлесін кезең-кезеңімен жоғары технологиялы, оның ішінде экспортқа бағдарланған өніммен алмастыру, сондай-ақ елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану арқылы экономикалық өсуді жеделдету.
Қазақстанда бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін алғышарттар бар: бай табиғи ресурстар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми-техникалық кадрлар, жалпы білімділік деңгейімен ұштасатын салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші, сондай-ақ бірқатар технологиялық бағыттар бойынша қалыптасқан дайындықтар.
Дегенмен кедергілер де аз емес. Соңғы жылдары Қазақстанда технологиялық артта қалу үрдісі байқалды: қазіргі өндірістің бәсеңдеуі, өндіргіш күштердің индустриясыздануы, өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қысқаруы, жан басына шаққандағы тұтыну мен қорланудың төмендеуі елдің тұрақты экономикалық дамуына қажетті бастапқы мүмкіндіктерді күрделендіреді.
Бұдан бөлек, технологиялық даму мен инновациялық әлеует деңгейі бойынша салалар арасындағы айқын алшақтық отандық экономикаға тән сипат болып отыр. Сонымен қатар кадр даярлау жүйесі де көбіне экономиканың шикізат секторын кадрлық тұрғыдан қолдауға бейімделген.
Негізгі идея
Инновациялық қызмет экономикалық қатынастар жүйесінде шешуші орын алады, өйткені елдің экономикалық қуаты түпкі нәтижелермен — өндіріс тиімділігін арттырумен және ғылымды қажетсінетін өнім көлемін ұлғайтумен өлшенеді.
Бағдарлама республиканың инновациялық дамуына арналған ұзақ мерзімді кезеңдегі мақсаттар мен міндеттерді айқындайды. Құжат жыл сайын ұлттық әлеуметтік-экономикалық басымдықтарға сүйене отырып нақтыланып, қажет болған жағдайда түзетіліп отырады.