Қай жануар қорқақ
Қарағанды қаласы №81 ЖББОМ, мектепалды даярлық сыныбы
Мұғалім: Абильдина Рымкеш Мырзахметовна
Айналадағы әлеммен танысу • Экология негіздері
Сабақ тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені
Сабақтың мақсаты
- Жан-жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
- Сөздік қорын молайту.
- Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Әңгімелеу
- Ойын
Көрнекілік
Жабайы аңдардың суреттері.
Сабақ барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, көңіл күйін қалыптастыру.
-
2) Өткен сабақты пысықтау
Бұрынғы тақырып бойынша сұрақтар қою, білімді бекіту.
-
3) Жаңа сабақ
Жануарлардың қыста қалай тіршілік ететінін, мекенін және қорегін талқылау.
Жұмбақтар арқылы ой қозғау
Жұмбақ 1
Жылқы тұмсық,
Ешкі құйрық,
Есек құлақ,
Қорқақ өзі, қыли көзі.
Жауабы: қоян
Жұмбақ 2
Мынау оған керегі,
Балды жақсы көреді.
Қыс бойы жылы апанда,
Ұйықтау оның өнері.
Жауабы: аю
Жұмбақ 3
Ит сияқты, ит емес,
Ұнатпайды ол кісіні.
Жауабы: қасқыр
Жұмбақ 4
Бұтадан-бұтаға секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Жауабы: тиін
Сұрақ-жауап
Талқылауға арналған сұрақтар
- Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
- Олар немен қоректенеді?
- Дала жануарлары мен үй жануарларының айырмашылығы неде?
- Қыста қай жануар орманда ұйықтап жатады?
- Қай жануар қорқақ?
Жабайы аңдардың төлдері
- Қасқырдың баласы
- бөлтірік
- Аюдың баласы
- қонжық
- Түлкінің баласы
- күшік
- Қоянның баласы
- көжек
Жаңа білім: жануарлардың қысқы мекені
Аю қыста қалай тіршілік етеді?
Қыста аю апанда ұйықтайды. Ол көктем шығып, қар ерігенше ұйқыда болады. Апанда жатып қонжығын туады. Аю — ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң, бірақ көбіне адамға тиіспейді. Негізінен өсімдікпен қоректенеді, жазда жеміс-жидек тереді.
Назар аударыңыз
Аюдың қысқы мекені — апан.
Қоян қыста қалай қорғанады?
Қоян қыста үйілген маялардың түбінде немесе ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі — әртүрлі шөптер мен ағаш қабықтары. Жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, жазда қоңыр тонын киеді. Өзі қорқақ, сәбіз бен қырыққабатты жақсы көреді.
Есте сақтаңыз
Қоянның түсі маусымға қарай өзгеріп, оған жасырынуға көмектеседі.
Өлең жолдары
Тауға шықсаң — қалың қар,
Сайға түссең — қалың қар,
Шырша үсті — қалың қар.
Байқаңдар, қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.
Қорытынды тапсырма
Жабайы аңдардың суретін салыңыз.