Менің таңдап алған тақырыбым төңірегінде зерттеу жұмыстары баршылық

Мазмұны

I бөлім

  • Кіріспе
  • Радиожурналистке қойылатын талаптар
  • 1.1 Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
  • 1.2 Шешен сөйлеу – дикторға тән қасиет

II–III бөлім

  • Сұхбат және репортаж жанрларының радиода көрініс табуы
  • Қорытынды бөлім

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Ғалымдар адамды адам еткен екі негіз бар дейді: еңбек және сөйлеу машығы. Сөзді тыңдарманға жеткізудің қуатты құралының бірі — радио. Радио журналистиканың маңызды саласы әрі бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді түрі ретінде уақыт өткен сайын өз мәнін арттыра түсуде.

Бүгінде радиоэфир бір мезетте көптеген тыңдарманға жетіп, қажетті ақпараттан хабардар етеді. Сол арқылы адамның санасына ықпал жасап, пікір қалыптастырып, ой қорыту жүйесіне әсерін тигізеді. Радионы көшеде келе жатып та, көлікте отырып та, үйде демалып отырған сәтте де тыңдауға болады. Бұл — радионы пайдаланудың үлкен артықшылығы.

Радионың құдіреті — адамның сезімін селт еткізіп, көңілін толқыта алатын қасиетінде. Шынайы өнер туындысы сияқты, ол тыңдарманды қанаттандырып, шабыттандырып, рухани жан дүниесіне әсер етеді. Күн сайын эфирге шығатын бағдарламалардың маңызы да ерекше: оларды тыңдау арқылы кез келген адам өз рухани қажеттілігін өтей алады. Ал бағдарламада айтылған ой мен әңгіме көпшіліктің көкейіне сұрақ тудырып, ой салады.

Осы себепті диктор тікелей эфир кезінде әр сөзіне мұқият болып, ой таразылап, шешім қабылдауы керек. Эфирге шыққан бағдарлама тыңдарманның көңілін көтеріп, дем беріп, оптимизм сыйлап, жігерлендірсе, сол бағдарламаны жүргізетін маманға қойылар талап та жоғары.

Диктордың бір ғана қате айтылған немесе мағынасыз пікірі миллиондаған тыңдарманға жетіп, теріс көзқарастың қалыптасуына себеп болуы мүмкін. Демек, радио тек ақпарат таратушы емес, сонымен бірге тәрбие құралы да бола алады. Сондықтан бұл курстық жұмыстың тақырыбы өзекті әрі маңызды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсат — бүгінгі жас мамандардың ақыл-парасаты мол, талғамы биік, сауатты, сөзге шешен, тілі жатық, үні жағымды, заман талабына сай диктор болып қалыптасуына үлес қосу. Сонымен қатар тәрбиелік мәні зор хабарлардың саны арта түссе деген ниет те бар.

Негізгі міндеттер

  • 1 Жас журналистерге нағыз радиожурналистің міндеттерін нақтылап көрсету.
  • 2 Мамандық майталманы болу үшін орындалуы тиіс қадамдар мен шараларды айқындау.
  • 3 Тікелей эфирде тосылмай сөйлеу техникасына қатысты ұстанымдарды жүйелеу.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі

Бұл тақырып төңірегінде зерттеу еңбектері жеткілікті. 80 жылдан асатын тарихы бар қазақ радиожурналистикасы жан-жақты зерттелген деуге болады. Әр жылдары осы бағытта көлемді еңбек жазған авторлардың қатарында М. Барманқұлов, С. Қозыбаев, Б. Кенжебаев, Т. Амандосов, Қ. Бекхожин, Т. Қожакеев сынды зиялы қауым өкілдері бар.

Атап айтқанда, Намазалы Омашевтың «Ұзын құлақтан Қазақ радиосына дейін» және «Радиожурналистика» атты оқулықтары қазақ даласындағы радиохабар тарату ісінің тарихын кеңінен сипаттайды. Радиожурналистика саласына қатысты материалдарды жүйелеген еңбектерді басшылыққа ала отырып, бұл курстық жұмыстың да болашақта өз үлесін қосатынына сенім бар. Бұл — қазақ радиожурналистикасының дамуына қосылған теңізге тамған тамшыдай үлес.

Курстық жұмыстың құрылымы

Жұмыс құрылымы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, екі негізгі бөлім және қорытынды. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Кіріспе 2 негізгі бөлім Қорытынды Әдебиеттер тізімі 21 бет