Педагогикалық инциклопедияда

Мұғалім тұлғасына қойылатын негізгі талаптар

Мұғалімнің кәсіби келбеті мен адамгершілік болмысы бір-бірімен тығыз байланысты. Педагогке тән маңызды қасиеттердің қатарында ықыласты махаббат, педагогикалық еңбекке қызығу, психологиялық-педагогикалық сезімталдық, байқағыштық, әділдік, талап қоя білу, табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі басқару, қайырымдылық, сондай-ақ мамандық еңбегін сүйе білу аталады.

Қарым-қатынас мәдениеті

Қазіргі талаптардың бірі — мұғалімнің оқушымен, ата-анамен және әріптеспен демократиялық, гуманистік және жариялылық қағидалары негізінде сөйлесе алуы, сондай-ақ педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білуі.

Үздіксіз кәсіби өсу

Мұғалімнің өсіп-жетілуі оның педагогикалық шеберлігіне байланысты. Педагогикалық шеберлік — оқу-тәрбие жұмысының сапасын айқындайтын және кәсіби дайындықтың өзегі болып табылатын кешенді құзырет.

Шығармашылық және педагогикалық үдеріс

Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық «адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғары формасы» ретінде анықталады. Адамның белсенді, дербес іс-әрекетінің шегі жоқ, ол сан алуан салада көрініс береді.

Тұтас педагогикалық үдеріс мұғалім мен оқушының өзара тығыз байланысқан әрекетімен сипатталады. Бұл тұста ең маңыздысы — мұғалім қызметінің ерекшелігі: өсіп келе жатқан баланың ішкі жан дүниесін үнемі сезіне білу. Сондықтан ешбір оқулық та, бағдарлама да мұғалім мен бала арасындағы жанды ынтымақтастықты алмастыра алмайды.

Негізгі идея

Бүгінгі мектепте мұғалім мен оқушыны бірдей шығармашылық позицияға қоятын педагогикалық жағдайлар жасау маңызды. Шығармашылық — белгілі бір қатынас арқылы өзара байланысқан және ортақ жағдайда педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызмет жүйесі.

Педагогикалық шеберліктің іске асуы тәжірибені мақсатты әрі белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктің ең жоғары деңгейіне жету — жан-жақтылықпен қатар, педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауыса отырып үйлесуі арқылы танылады. Басқа мамандық иелерімен салыстырғанда, мұғалім үшін білімін және жұмыс тәсілдерін үнемі жаңарту — кәсіби заңдылық.

Жаңашылдық

Жаңашылдық пен шығармашылық — мұғалімдер дәстүрінің ажырамас бөлігі.

Әлеуметтік мән

Қоғам өмірінің жаңаруы жағдайында педагогикалық шығармашылықтың маңызы кеңейіп, жалпылық сипатқа ие болады.

Күнделікті тәжірибе

Сабақты мазмұнды ету үшін мұғалім шығармашылық еңбектің тұрақты жолын таңдауы қажет.

«Егер педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін, күнделікті сабақ іш пыстыратын бірсарындылыққа айналмасын десеңіздер, әрбір мұғалімді шығармашылық еңбектің бақытты соқпағына түсіріңіздер».
В.А. Сухомлинский

Қорытындылай айтқанда, бұл талаптар мұғалімде міндетті түрде болуы тиіс. Болашақ ұстаз ретінде осы ұстанымдарды білу, жадымызда сақтау және тәжірибеде қолдану — кәсіби жауапкершіліктің бір бөлігі.

Қазақстандағы білім беру: кешегі, бүгінгі және ертеңгі бағыт

Қазақстандағы білім беру мәселесі — аса маңызды әрі ауқымды тақырып. Тәуелсіздік кезеңіндегі білім жүйесінде өзгеріс көп болды. Өтпелі кезеңде экономикалық және саяси қиындықтардың білім беру саласына, әсіресе мектеп жүйесіне кері әсер еткені байқалды.

1993 жылдан кейінгі қиындықтар

  • «Оңтайландыру» нәтижесінде мемлекеттік балабақшалар мен шағын жинақталған мектептердің қысқаруы.
  • Мектептен тыс қосымша білім мен тәрбие ұйымдарының мемлекеттік қолдаудан тыс қалуы.
  • Аудандық әдістемелік кабинеттердің жабылуы.
  • Мұғалімдердің апталық жүктемесінің артуы және әр оқушыға бөлінетін уақыттың азаюы.

Сонымен қатар білім жүйесінің толық қалыптаспауы, білім сапасының төмендеуі, оқулық тапшылығы, ескі бағдарламалардың сақталуы, сондай-ақ оқу орындарына түсу үдерісіндегі ұйымдастырушылық кедергілер бірқатар қиындық тудырды. Мұның бәрі көбіне қаржыландыру мәселесімен байланысты болды.

Уақыт өте қоғамның ой-санасы мен көзқарасы өзгеретіні заңды. Қоғамдық қатынастардың жаңаруы, жаңа білімнің жиналуы, өндірістің жетілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұнына да тікелей ықпал етеді. Мектеп — қоғамның бір бөлігі, сондықтан оның өзекті мәселелерін қоғамнан бөліп қарастыру мүмкін емес.

Мектептің миссиясы

Мектептің мақсаты — сапалы білім беру және болашақты тәрбиелеу. Мектепке жан беріп, оны қозғалысқа келтіретін және келешекке жетелейтін негізгі тұлға — мұғалім.

Жаңа технологиялар

Бүгінгі таңда оқытудың жаңа технологияларының пайда болуы — мұғалімнің үздіксіз ізденісте болуының дәлелі. Бұл тәсілдердің өзегінде оқушының рухани өсуі мен тұлғалық дамуы алдыңғы орынға шығады.

Қазіргі білім жүйесінің дамуы оңайға соқпаса да, оқу орындарын компьютерлік техникамен жабдықтау маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Компьютерлік сыныптардың енгізілуі оқу үдерісіне елеулі әсер етеді: әртүрлі жас деңгейіндегі балалармен жұмыс істеуді тиімді ұйымдастыруға, мұғалімнің бірнеше тәсілді қатар қолдануына мүмкіндік береді.

Білім беру ісінде жаңа көзқарастар қалыптасып, тиімді технологиялар кеңінен таралып, күнделікті тәжірибеге енуде. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялы қауым деңгейінің сапасына тәуелді болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.

Алдағы мақсат: мазмұнды жаңарту

Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін отандық 12 жылдық білім беру жүйесі туралы сөз болғанда, ең алдымен білім мазмұнын жаңарту мәселесі ерекше өзектілікке ие.