Темпераментті зерттеу әдістері туралы қазақша реферат

Темпераментті зерттеу әдістері

Темпераментті лабораториялық жағдайда зерттеу көбіне қиынға соғады, ал жай бақылау арқылы оның ерекшеліктерін дәл танып-білу де оңай емес. Дегенмен, адам темпераменті туралы белгілі бір мәліметтер алуға мүмкіндік бар.

Мысалы, зерттелетін адамның жүріс-тұрысын сырттай жүйелі түрде бақылау арқылы оның психикалық әрекеттерінің жылдам не баяу екені, дене қимылдары мен бет әлпетінің қозғалыстарының жігерлі не жігерсіз болуы, эмоциясының күшті не әлсіз екені, сондай-ақ көңіл күйінің тұрақты не тұрақсыз екені байқалады.

Оқушының темпераментін зерттеу үшін мұғалім оның өмірбаянымен танысып, әңгімелесу жүргізіп, мінез-құлқын күнделікті әрекеті арқылы талдай алады. Мұндай тәсіл оқушының әрекет ету қарқыны мен эмоционалдық жауап беру ерекшеліктерін нақтырақ түсінуге көмектеседі.

Эксперименттік әдіс (сынау)

Темпераментті эксперименттік әдіс арқылы да зерттеуге болады. Бұл жағдайда адамның түрлі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциялары салыстырылып, әсерге жауап беруі тез бе, әлде баяу ма екені анықталады.