Шет ел кинофилмдерінде осындай сюджеттер көбірек кездеседі: жас жесір әйел қайтыс болған қарттың өсиетінен мынаны біледі, егер ол зайыбы қайтыс болғаннан кейін қайта тұрмысқа шығатын болса, қалған өсиетке иелік ете алады



1 Шет ел кинофилмдерінде осындай сюджеттер көбірек кездеседі: жас жесір әйел қайтыс болған қарттың өсиетінен мынаны біледі, егер ол зайыбы қайтыс болғаннан кейін қайта тұрмысқа шығатын болса, қалған өсиетке иелік ете алады. Осындай өсиет түрі шетелде ақиқатқа ие болады. Ал біздің тәжірибеде мұндай өсиет кездеспейді.  Бұндай өсиетті шартты мәміле ретінде қарастыруға бола ма? Шартты мәміленің ұғымына талдау жасап және түрлерін атаңыздар.

2 Азаматтардың көбі күнделікті мәміле жасаған кезде оның нысаны туралы ойламайды. Заңмен белгіленген нысанды сақтамай мәміле жасалса, ол заңды күшке ие болуы мүмкін бе?

Сіздің пікіріңізше, мәміле нысанын қалай түсіну керек? Неше мәміле нысаны бар?

3 Кез келген азаматтық-құқықтық мәмілені жасаған кезде, оның қатысушылары оның заңға сәйкестігіне мән беруі керек?

Сіздің пікіріңізше, заңға сәйкес мәміленің қандай белгілері бар?

4 Төменде көрсетілген мәмілелердің қайсысы міндетті түрде нотариалды куәландырылған және мемлекеттік тіркелуге жатады:

— үйді сату;

— кәсіпорынды сату;

— ақшаны заемға алу туралы шарт;

— рента шарты;

— өсиет.

5 Заңға сәйкес емес мәмілелер рестиуцияға әкеліп соғады. Сіздің пікіріңізше реституция ретінде нені түсінуге болады? Азаматтық кодекстегі жалған мәмілеге мысал келтіріңіз? Ол бойынша мыналар қарастырылады:

— екі жақты реституция;

— бір жақты реституция;

— реституцияны болдырмау

6 Өзінің 25 жастағы немересі Алинаға 80 жастағы Мұстафин бақшадағы үйін немересіне сыйға береді және ол үйде жаз мерзімдерінде тұрмақшы болады, ол үйін сыйға берген кезде, немересінің ол үйді күтіп – ұстауына сеніммен қарайды. Бірақ ол үйді алғаннан кейін немересі үйді қараусыз қалдырады.

Мұстафин шартты бұза ала ма? Егер бұзатын болса нені басшылыққа алады?

7 14 жастағы Әлішер күзгі каникул кезінде теңгесін банкке салады. Келесі жылдың күзінде банкке салған ақшасыг алмақшы болап банкке барған кезде банк қызметкері оған ақшаны алуына ата – анасының келісімінің қажеттілігін айтады.

Жинақтаушы банктің қызметкерінің талабы құқыққа сай ма? Әлішер банкке салған ақшасына ата – анасының келісімінсіз велосипед сатып алуына құқығы бар ма?


Ұқсас жұмыстар
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың жалпы ережелері
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Балқаштың экологиялық ахуалы


Көмек