Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі
Заңды тұлғалар үшін жер салығы: есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
Заңды тұлғалар жер салығын дербес есептейді: салық салу объектісі бойынша салық базасына тиісті салық ставкасын қолданады. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
Ағымдағы төлемдердің мерзімдері
Ағымдағы төлемдер ағымдағы жылдың төмендегі күндерінен кешіктірілмей тең үлестермен төленеді:
-
1-төлем20 ақпан
-
2-төлем20 мамыр
-
3-төлем20 тамыз
-
4-төлем20 қараша
Жаңа құрылған салық төлеуші үшін құрылған күннен кейінгі алғашқы кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып есептеледі.
Түпкілікті есеп айырысу және төлеу
Салық төлеуші салық кезеңінде декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктерге пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу ағымдағы төлемдердің соңғы мерзімінен кейін, декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Міндеттемелер өзгерген жағдайда ағымдағы төлемдерді түзету
Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерсе, ағымдағы төлемдер өзгеріс сомасына сәйкес жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
Жер учаскесіне құқықтар берілген кездегі есептеу тәртібі
Салық салу объектісіне құқықтар салық кезеңі ішінде берілсе, салық сомасы жер учаскесіне құқықты нақты иелену (пайдалану) кезеңі үшін есептеледі.
Құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізілуге тиіс.
Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жер учаскесін берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Ал кейінгі төлеушіге салық органдары жіберетін хабарламада оның жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан бастап есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келісім бойынша) бірі енгізе алады.
Мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.
Арнайы салық режиміне қатысты ерекшелік
Бұл ережелер бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ аталған режим қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.
Жекелеген жағдайларда жер салығын есептеудің ерекшеліктері
Бірнеше салық төлеуші пайдаланатын объектілер
Бірнеше салық төлеуші пайдаланатын үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығы әр салық төлеушіге жеке есептеледі және олардың бөлек пайдаланатын үйлері мен құрылыстарының алаңына барабар айқындалады.
Жалға беру кезінде (түзеу мекемелері КМҚК және діни бірлестіктер)
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер үйдің, құрылыстың немесе ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығы жалға берілген үй-жай алаңының осы жер учаскесінде орналасқан барлық үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы үлес салмағына қарай есептеледі.
Тұрғын үй қоры құрамындағы мүлік заңды тұлғаға өткенде
Егер заңды тұлға тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті сатып алса, жер салығы тұрғын үй қоры (және оған іргелес құрылыстар мен ғимараттар) алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге тиіс.
Жеке тұлғалар үшін жер салығы: есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары салық базасы мен тиісті ставкаларды негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізеді.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектісіне құқық берілген жағдайда салық сомасы осы бөлімде көрсетілген қағидаларды ескере отырып есептеледі.
Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын заңды тұлғаларға белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.