Қазіргі кезде цивилистердің көбі субъективті азаматтық құқықты жүзеге асыру түсінігін өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін оның мазмұнын жүзеге асыру ретінде айқындайды


Қазіргі кезде цивилистердің көбі субъективті азаматтық құқықты жүзеге асыру түсінігін өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін оның мазмұнын жүзеге асыру ретінде айқындайды. Бірақ Е.А. Сухановтің редакциясымен (1993ж) шықан оқулықта  жоғарыда аталған түсініктерге қоса, өзінің пікірін ұсынды: Субъективті азаматтық құқық жүзеге асыру бұл процесс, оның нәтижесінде, өкілетті субъекті өзінің заңи мүмкіншіліктері негізінде өзінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады деген.

Сіздің пікіріңізше, бұл ұғымдар тең бе? Келіспесеңіз екі ұғымдардың қайсысы нақтылау және оның басымдылығы неде? Өз пікіріңізді білдіріңіз?

2 Азаматық құқықты жүзеге асыру туралы айтқан кезде, цивилистер жиі осы қағидаларды қолданады:

—  азаматтық құқықты жүзеге асырудың кепілі мен қағидалары;

—  құқықты теріс пайдалану;

—  азаматтық құқыты жүзеге асырудың тәсілдері мен шегі;

—  азаматтық құқықтың субъектілерінің коллизиялары;

—  субъектіге тиісті құқықтардан бас тарту.

Кейде олар, субъектілердің азаматтық құқықты жүзеге асырудың шындығы тәуелді болатын факторлар туралы мәселелерді қарастырады. Жоғарыда көрсетілген түсініктер мен факторлар барлығы көрсетілген бе? Осы тақырыпты оқу үшін факторлардың қайсысы аса қажетті? Оларға келесі ұғымдарды қосуға бола ма: азаматтық құқықты жүзеге асырудың заңдылығы, кәсіби әдебінің тәртібі, қоғамның моральдық қағидалары?

3 Қорғалуға құқық мазмұны әдетте 3 позициядан қаралады:

—  өкілетті субъект қолдана алатын құқық қорғау шаралары;

—  өкілетті тұлғаның өзі құқық бұзушыға тікелей өзі әсер етуі;

—  егер өкілетті тұлғаның әрекеті тиісті нәтижеге әкелмесе, онда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігі.

Бұнда қорғалуға құқықтың заңды ұғымы орын алмайды. Сіздің ойыңызша, субъективті азаматтық құқықты қорғау құқығы ұғымын қалай айқындау тиіс? Азаматтық құқықтың қорғау нысаны ұғымын қалай түсіну керек? Сіздің ойыңызша, бұл нысандар қандай?

4 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабын басшылыққа ала отырып, Азаматтық құқықтың қорғау тәсілдері атты кесте құрыңыз, ол үш сызықтан болуы тиіс:

— тәсілдің атауы;

— оның мәні;

— тәжірибеден мысал.

Сіз атаған тәсілдердің қайсысы юридикциялы болады?

5 Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ерекшеліктерні сипаттаңыз.



Ұқсас жұмыстар

Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері және оның түрлері
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Азаматтық құқықтық қатынастардағы субъектілердің алатын орны мен өзара байланысы
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы