Оқушылардың нұскаға қарап қабылдау, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың нұсқаға қарап қабылдау және бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Заттың құрылысын, түсін және өлшемдер арасындағы қатынасты дұрыс жеткізуге үйрету.

Негізгі назар: форма, түс, кеңістіктегі орны, өлшемдер қатынасы.

Сабақтың көрнекілігі

Негізгі материалдар

  • Ожауды салу жолдары көрсетілген кесте (таблица).
  • Суретшілердің натюрморт шығармаларының репродукциялары.

Ұсынылатын репродукциялар

  • Т. Тоғысбаев — «Қызыл натюрморт».
  • Шарден — «Өнер атрибуттары».

Сабақтың кезеңдері

1-кезең — Нұсқадан қарап салу

  • Суретші құралдарының ерекшеліктерін түсіндіру.
  • Нысанның формасын, түсін және кеңістіктегі орнын талдау.

2-кезең — Ожауды бейнелеу

  • Ожауды салудың негізгі жолдарын көрсету.
  • Оқушылардың натураны (нұсқаны) өз бетімен бейнелеуі.

Сабақтың барысы

Бірінші кезең аяқталғаннан кейін мұғалім оқушыларға жұмысты дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді: форматты сауатты орналастыру, бейнені қағаз бетіне үйлестіру, заттың құрылысын дәл беру және штрихтау тәсілдерін қолдану.

Композиция

Форматты дұрыс таңдау және бейнені қағаз бетіне үйлестіру.

Құрылым

Заттың құрылысын дәл көрсету, өлшем қатынасын сақтау.

Тон және штрих

Штрихтау әдістерін қолдана отырып көлем мен фактураны беру.

Қолдау

Оқушының жұмысын бақылап, қажет жерде бағыттап көмектесу.

Нәтижесінде оқушылар нұсқаға сүйене отырып, ожаудың формасын, түсін және кеңістіктегі орналасуын бірізділікпен бейнелеуге дағдыланады.