Топырақтың қабаттары


Мақсаты: Топырақтың морфологиялық қасиеттерін зерттеу арқылы оның қабаттарының толық кескініне сипаттама беру.

Қажетті құралдар мен заттар: компас, күрек, пышақ, литр, 5-10 проценттік тұз қышқылының ерітіндісі, су, жұмыс дәптері, түрлі — түсті қарындаштар.

1-тапсырма.

Тапсырмаға түсінік: Сипаттаудың мақсатына байланысты топырақ қабаттарының толық немесе негізгі тереңдігі 150-300 см, бақылау тереңдігі 75-100 см және үстіңгі тереңдігі 25-75 см кескіндерін зерттейді.

Топырақ негізінен үш генетикалық тектік қабаттардан тұрады. Олар: шірінді-қоректі (А-қабат), аралас (В-қабат) және аналық жыныстар (С-қабат) қабаттары. Топырақ қабаттарын толық дәйектеу үшін оларды қазіргі сипаттамалар бойынша төменгі қабаттарға жіктеп, белгілі бір индекстермен белгілейді. А0-үстіңгі төсеніш қабат, А-шым қабат, А1-шірінді-қорлы қабат, А2-элювиалдық қабат, В-илювиалдық қабат, С-аналық жыныстық қабат және Д-астыңғы төсеніш қабаты. Кей жағдайда қабаттардың өзін бірнеше қабатшаларға бөледі. Мысалы:А1;А2,В1,В2,С1,С2:

Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының қалыңдағы бірнеше сантиметрден бір метрге және одан да көпке жетуі мүмкін.

Жұмыс реті:

1.Топырақ қабаттарының толық кескінін сипаттайтын орынды анықтау (оқытушы)

2.Шұңқырдың ұзындығы 120-200 см, ені 70-80, ал тереңдігі 150-200 см болады да, оның үш қабырғасы тік, ал төртінші жағы баспалдақтанып қазылады.

Топырақ қабаттарының сипаттамасын жазар алдында шұңқырдың картадағы орнын, жердің рельефі мен микрорельефін, маңайдағы өсімдіктердің түрлерін және жер асты суларының тереңдігін көрсету қажет.

3.Топырақтың түсіне, тұтқырлығына, түзілімдерге және басқадай морфологиялық қасиеттеріне қарай оның тектік қабаттарын анықтап, өлшеп және төмендегі ретпен сипаттап жазыңыздар:

а) қабаттар А1, А2, АΙ, АΙΙ, В, С, Д.

б) қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы, мысалға:

А1 0-3 см, А2 3-18 см, т.т.

в) қабаттардың түсі. Ол біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін.

г) қабаттардың ылғалдылығы сипалау арқылы.

Ылғылдылықтың төмендегі түрлері болады:

—   кебу топырақ қолды суытпайды, шаңдайды;

— жас топырақ — тозаңданбайды, бірақ сыққанда бөлініп кетеді, сәл салқын-дау;

—         ылғалды топырақ — сыққанда иленеді, салқын, сыққанда сүзгіш қағаз су-

ланады;

— сызды топырақ — сыққанда су бөледі, бірақ ақпайды, сықпа жасауға болады;

—  сулы топырақ — сыққанда су ағады;

Егер жер асты суы шықса, оның деңгейін анықтайды.

д) топырақтың тұтқырлығы. Тұтқырлықтың төмендегі түрлері болады:

— тығыз топырақ — күрек әрең батады, күректің ізі біркелкі мес, қолмен әрең сынады;

—  бос топырақ — күрек жеңіл батады, құрамды бөлшектеріне оңай бөлінеді;

— үгілгіш топырақ — бөлшектері байланыспаған, құм немесе құмдауыт гумусы аз топырақ.

е) бөгде заттар мен жаңа түзілімдер.

и) тұз қышқылының әсерінен “қайнау”. Топырақтың құрамында марганец немесе кальций карбонаттары болған жағдайда топыраққа 5-10 % тұз қышқылын тамызғанда топырақтан СО2 газы бөліну нәтижесінде топырақ “қайнайды”. Жалпы қатты, орташа және әлсіз “қайнау” деп ажыратылады.  “Қайнау” деңгейі карбонаттардың мөлшеріне байланысты болады.

5. Тектік қабаттарды бір-біріне өтуі тұстарының сипаттамасы тілше тәріздес, аққан тәріздес, ирек, біркелкі немесе қабаттардың түсі мен қасиеттері кенет өзгерген. Кенет өзгерістер зерттеген қабаттардың топырағының көшпелі екендігін көрсетсе, біркелкілік топырақтың осы жерде түзілгендігін дәлелдейді.

6. Сипаттамалар нәтижесін жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар:
Топырақтың

     қабаттары Қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы
Түсі
Ылғалдылығы
Гранулометрикалық құрамы
Құрылымы
Тұтқырлығы
Бөгде заттар мен түзілімдер
Тұз қышқылының әсерінен “қайнауы”
Ескертпелер
 

 

   

 

   

 

   

 

   

 
7. Топырақтың қабаттарының кескінін түрлі-түсті қарындашты пайдаланып сызыңдар.

8. Анықталған сипаттамалар  бойынша топырақтың түрін, түр  тармағын, атауын және атау түрлерін табыңыздар.



Ұқсас жұмыстар

Топырақтың морфологиясы
Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар
Таулы топырақтардың жіктелуі
Егеншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау
Топырақ кескінінің түрлері
Топырақтың түйіртпектілігі,оның агрономиялық маңызы
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
Топырақтың химиялық қасиеттері
Шығыс Қазақстан облысының топырақтары
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Жер қорының және топырақтың пайдаланылуының әлемдік тәжірбиелері
Топырақтың морфологиялық құрылымы
Топырақтың түзілуі және оның құрамы
Топырақтың су категориялары тұрпаты түрлері
Апикальды (көне грекше: арех - төбе, ұшы) - түтік тәрізді мүшелер қуыстарын астарлайтын эпителий қабаттары эпителиоциттерінің, бездердің сөл бөлетін соңғы бөлімі гландулоцитгерінің (безді жасушалар) мүше қуыстары жағына қараған төбе ұшы
Топырақтың құрамына
Атмосфераның қабаттары
Топырақтың жылу қасиеттері
Топырақтың құрылыстық классификациясы
Топырақтың негізгі қасиеті