Шынайы жалақы - алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. I. Негізгі бөлім
    1. 1.1 Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері
    2. 1.2 Қосымша жалақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
    3. 1.3 Жалақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
  3. II. Қазақстан Республикасындағы жалақы туралы
  4. III. Жалақы, халықтың табысы және өмір сүру деңгейі
  5. IV. Қорытынды
Курстық жұмыс Көлемі: 27 бет

Кіріспе

Жалақы — еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан, әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелері ескерілгенде, оның жеке үлесімен айқындалады және салықтар арқылы реттеледі.

Жалақы тұтынушы кірісінің елеулі бөлігін құрайды. Сондықтан ол сұраныс көлеміне, тауарлар мен қызметтерді тұтыну құрылымына, сондай-ақ олардың бағасына айтарлықтай әсер етеді.

Жалақының негізгі түрлері

Номиналды жалақы

Номиналды жалақы — жалдамалы қызметкердің күндік, апталық немесе айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақы мөлшері табыс деңгейін сипаттай алады, алайда тұтыну деңгейі мен адамның әл-ауқаты туралы толық қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Шынайы (реалды) жалақы

Шынайы жалақы — алынған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиынтығы. Ол номиналды жалақыға тікелей, ал тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтер бағасының деңгейіне кері қатынаста болады.

Экономикалық маңызы

Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан жалақы есебін дұрыс ұйымдастыру:

  • еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді;
  • өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне мүмкіндік береді;
  • еңбеккерлердің өмір сүру деңгейін жақсартуға әсер етеді.