Қасқасу шатқалы флорасының тіршілік формасы

Таксономиялық талдау

Бұл тарауда Қасқасу шатқалы флорасына таксономиялық талдау жасалып, сирек кездесетін өсімдіктердің тіршілік формалары сипатталды. Сонымен қатар өсімдік ресурстары және оларды қорғау мәселелері бойынша қысқаша мәліметтер берілді.

Жұмыстың негізгі мақсаты

  • Қасқасу шатқалы флорасының түрлік құрамын жинақтау.
  • Өзіндік ерекшелігі бар өсімдіктердің маңызын анықтау.
  • Маңызды және сирек түрлерді қорғау қажеттілігін негіздеу.

Негізгі систематикалық топтардың арақатынасы

1-кестеде көрсетілгендей, жабық тұқымдылар (Magnoliphyta) 682 түрді құрап, жалпы флораның 97%-ын береді. Оның ішінде: қос жарнақтылар (Magnoliopsida) — 512 түр (75%), дара жарнақтылар (Liliopsida) — 170 түр (25%). Папоротниктәрізділер — 13 түр (1,84%), жалаңаш тұқымдылар — 6 түр (0,85%), қырықбуынтәрізділер — 3 түр (0,42%).

Нәтиже: Қасқасу шатқалы аумағында Орта Азия флорасына тән негізгі тұқымдастардың басым бөлігі кездеседі, алайда олардың туыс пен түр саны бойынша үлесі әркелкі.

1-кесте. Қасқасу шатқалы флорасының негізгі систематикалық топтары

Тұқымдас / туыс / түр саны және үлесі

Таксон Тұқымдастар саны Туыстар саны Түрлер саны Үлесі, %
Equisetophyta 1 1 3 0,42
Polypodiophyta 8 11 13 1,84
Pinophyta 2 6 6 0,85
Magnoliphyta (жабық тұқымдылар) 74 351 682 97
Magnoliopsida (қос жарнақтылар) 58 263 512 75
Liliopsida (дара жарнақтылар) 16 87 170 25
Барлығы 85 369 703 100

Ірі тұқымдастар және олардың үлесі

2-кестедегі деректерге сүйенсек, түр саны бойынша ірі тұқымдастар қатарына мыналар жатады: Asteraceae (78 түр, 11,09%), Poaceae (66 түр, 9,3%), Brassicaceae (65 түр, 9,2%), Fabaceae (58 түр, 8,2%), Lamiaceae (55 түр, 7,8%), Rosaceae (49 түр, 6,9%), Apiaceae (29 түр, 4,1%), Caryophyllaceae (24 түр, 3,4%). Жалпы түрлер санының 59,9%-ы осы 8 тұқымдастың үлесіне тиесілі.

3-кесте. Ірі тұқымдастардағы туыс пен түр саны

Тұқымдас Туыстар саны Түрлер саны Жалпы түр санынан, %
1 Asteraceae 42 78 11,09
2 Poaceae 34 66 9,3
3 Brassicaceae 34 65 9,2
4 Fabaceae 22 58 8,2
5 Lamiaceae 22 55 7,8
6 Rosaceae 23 49 6,9
7 Apiaceae 19 29 4,1
8 Caryophyllaceae 13 24 3,4

Зерттелген аумақта 9 тұқымдас 24–78 түрді, 5 тұқымдас 9–17 түрді, 19 тұқымдас 4–7 түрді, ал 52 тұқымдас 1–3 түрді біріктіретіні анықталды.

Ең ірі туыстар

Қасқасу шатқалында кездесетін 369 туыстың ішінде төмендегі 8 туыс 7–18 түр аралығында біріккен. Бұл дерек флораның жекелеген таксондар бойынша шоғырлануын көрсетеді.

4-кесте. Қасқасу шатқалы флорасының ең ірі туыстары

Туыс Түрлер саны Жалпы түр санынан, %
1 Astragalus 18 2,5
2 Dracocephalum 11 1,5
3 Cousinia 10 1,4
4 Allium 8 1,1
5 Rosa 8 1,1
6 Scutellaria 8 1,1
7 Oxytropis 7 0,9
8 Euphorbia 7 0,9

Қорытынды байқаулар

  • Қасқасу шатқалы флорасы түр санының салыстырмалы аздығымен сипатталады.
  • Флористикалық спектрі жалпы алғанда Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің басқа аудандарымен сәйкес келеді және айқын айырмашылық байқалмайды.

Тіршілік формалары

5-кестеде Қасқасу шатқалы флорасындағы өсімдіктердің тіршілік формаларының таралуы берілген. Негізгі үлесті көпжылдық шөптесін өсімдіктер құрайды.

5-кесте. Қасқасу шатқалы флорасының тіршілік формалары

Тіршілік формасы Саны Жалпы түр санынан, %
1 Ағаш 17 2,4
2 Бұта 37 5,2
3 Жартылай бұта 22 3,1
4 Шөптесін өсімдіктер (көпжылдық) 439 62,4
5 Шөптесін өсімдіктер (екіжылдық) 38 5,4
6 Шөптесін өсімдіктер (біржылдық) 150 21,3
Барлығы 703 100

2-кесте. Қасқасу шатқалы флорасының тұқымдастар бойынша таксондар саны

Төменде тұқымдастардың туыс және түр саны берілген (тізім қысқартусыз берілді).

Тұқымдас Туыстар саны Түрлер саны
1Athyriaceae11
2Thelypteridaceae11
3Aspidraceae22
4Aspleniaceae24
5Sinopteridaceae11
6Adiantaceae11
7Polypodiaceae11
8Ophioglossaceae22
9Equisetaceae13
10Cupressaceae13
11Ephederaceae12
12Typhaceae13
13Potamogetonaceae12
14Juncaginaceae11
15Alismataceae23
16Butomaceae11
17Poaceae3466
18Cyperaceae36
19Araceae22
20Juncaceae13
21Alliaceae19
22Liliaceae817
23Amaryllidaceae22
24Iridaceae47
25Salicaceae25
26Betulaceae12
27Fagaceae11
28Celtidaceae11
29Moraceae11
30Cannabaceae11
31Urticaceae11
32Santalaceae12
33Polygonaceae511
34Chenopodiaceae33
35Caryophyllaceae1324
36Paeoniaceae12
37Ranunculaceae715
38Berberidaceae34
39Papaveraceae47
40Fumariaceae14
41Capparidaceae11
42Brassicaceae3465
43Resedaceae11
44Crassulaceae47
45Saxifragaceae12
46Pomiaceae12
47Rosaceae2349
48Fabaceae2258
49Geraniaceae13
50Biebersteiniaceae11
51Linaceae12
52Polygalaceae11
53Euphorbiaceae27
54Anacardiaceae11
55Celastraceae12
56Aceraceae12
57Balsaminaceae12
58Rhamnaceae12
59Malvaceae46
60Huperiaceae13
61Violaceae14
62Thymelaeaceae11
63Elaeagnaceae11
64Onagraceae12
65Apiaceae1929
66Primulaceae35
67Limoniaceae34
68Oleaceae12
69Gentianaceae34
70Convolvulaceae14
71Cuscutaceae816
72Verbenaceae11
73Boraginaceae1524
74Lamiaceae2255
75Solanaceae13
76Scrophulariaceae723
77Orobanchaceae12
78Plantaginaceae13
79Rubiaceae26
80Caprifoliaceae16
81Valerianaceae23
82Morinaceae11
83Dipsacaceae24
84Campanulaceae56
85Asteraceae4278
Барлығы 369 703