Асинхронды қозғалтқыштар

Мазмұны

I-тарау — Асинхронды қозғалтқыштар

  • Кіріспе 2
  • Асинхронды қозғалтқыштар 3
  • 1.1 Асинхронды қозғалтқыштардың роторлары қалыпталып жасалған тісті дөңгелек қаңылтырдан құрастырылады 4
  • 1.2 Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштары 5
  • 1.3 Асинхронды қозғалтқыштардың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруінің электр-физикалық процесі 7

II-тарау — Электромагниттік момент және сипаттамалар

  • Асинхронды қозғалтқыштың электромагниттік моменті 13
  • 2.1 Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамасы 16
  • 2.2 Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары 18
  • 2.3 Есептеулер 20
  • Қорытынды 22
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Бұл курстық жұмыс көлемі — 23 бет.

Кіріспе

Электр машиналары — электротехника мен электроэнергетикада қолданылатын электр машиналарының түрлерін, олардың конструкциясын, жалғау сұлбаларын және жұмыс істеу негізіндегі физика заңдарын қарастыратын сала.

Электр машиналарына трансформаторлар, айнымалы ток машиналары, тұрақты ток машиналары, асинхронды және синхронды машиналар, сондай-ақ қозғалтқыштар мен генераторлар жатады. Бұл пән олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін жүйелі түрде түсіндіреді.

Электр машиналары электроэнергетика саласында өндірісте, көлікте, авиацияда, автоматты басқару мен реттеу жүйелерінде, сондай-ақ құрылыста кеңінен қолданылады. Олардың негізгі мақсаты — механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру.

Энергия түрлендіру және түрлендіргіш машиналар

Механикалық → Электр

Бұл түрлендіруді орындайтын машина генератор деп аталады.

Электр → Механикалық

Бұл түрлендіруді орындайтын машина қозғалтқыш деп аталады.

Ток түрі → Ток түрі

Бір текті ток энергиясын басқа текті ток энергиясына түрлендіретін электр машина түрлендіргіш деп аталады.