Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация мәселесі

Жоспар

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі, негізгі ұғымдар және зерттеу бағыты.

Негізгі бөлім

  1. Қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның жиынтығы
  2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
  3. Қоғамдағы жастар арасындағы стратификация мәселесі
  4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты
  5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі

Қорытынды

Негізгі тұжырымдар мен нәтижелерді жинақтау.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Зерттеу барысында қолданылған дереккөздер мен әдебиеттер.

Формат: курстық жұмыс Көлемі: 19 бет

Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік пен тәуелсіздік алған кезеңнен бері республикада жаңа таптар, топтар және жіктер қалыптасты.

Жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы

Соңғы жылдары қоғамда бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, сондай-ақ жеке фирмалар, дүкендер, қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да кәсіпорындардың жеке меншік иелері пайда болды.

Бұнымен қатар, бұрынғы Кеңес дәуірінде қалыптасқан таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де елеулі өзгерістерге ұшырады. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар басқа топтарға ауысып, әлеуметтік құрам динамикалы сипат алды. Демографиялық ахуал, халықтың қоныс аудару үдерістері және миграциялық қозғалыстар да ерекше мәнге ие болды.

Жіктелудің күшею себептері

  • Табыс деңгейі мен экономикалық мүмкіндіктердің әркелкі болуы
  • Меншік формасының өзгеруі
  • Нарықтық қатынастардың орнығуы
  • Әлеуметтік топтар арасындағы қозғалыстың (ауысып өту) жиілеуі

Нәтижесі

Осы үдерістердің ықпалымен Қазақстанда ауқатты, орташа және кедей топтар айқынырақ көріне бастады. Яғни қоғам мүшелерінің материалдық жағдайына қарай бөлінуі күшейді.

Негізгі ұғым: әлеуметтік стратификация

Әлеуметтік стратификация — қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, сондай-ақ құқық пен міндеттерді иелену деңгейі бірдей болмауынан қоғамның көптеген әлеуметтік топтарға және таптарға бөлінуі.

Теңсіздікті сипаттайтын негізгі өлшемдер

Табыс көлемі Білім деңгейі Мамандық мәртебесі Билікке қатынасы

Қоғам біртекті құрылым емес: адамдардың әлеуметтік жүйедегі орны әртүрлі, ал бұл айырмашылықтар жеке индивидтер мен топтар арасында әлеуметтік жіктелудің болуына алып келеді.