Киіз үйдің суреттері
Сабақтың мақсаты
Еске түсіру мен елестету арқылы ұлттық формадағы заттарды бейнелеуге үйрету. Заттың конструкциялық құрылысымен таныстыру. Шаңырақтың тұрмыстағы орны туралы түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі
- Шаңырақтың кеңістіктегі жеке көрінісі бейнеленген және бөлшектері көрсетілген кесте.
- Киіз үйдің суреттері.
- Суретшілердің картиналарының репродукциялары: К. Шаяхметов — «Туған ауылда», С. Мәмбеев — «Тауда» (15–16-суреттер).
Сабақтың кезеңдері
Бірінші кезең
Шаңырақ туралы түсінік беру.
Екінші кезең
Киіз үй мен шаңырақтың құрылысымен таныстыру және оны бейнелеу жолдарын көрсету.
Үшінші кезең
Оқушылардың елестету мен еске түсіру арқылы сурет салуы.
Сабақтың барысы
Шаңырақ — киіз үй сүйегінің негізгі бөлігі. Ол көбіне талдан немесе қайыңнан жасалады.
Құрылысы
- Үлкен шеңбері болады.
- Шеңбердің ішінде иіп жасалған 8 күлдіреуіш орналасады.
- Шеңбер бойында уық өткізілетін көздер жасалады.
- Екі бүйірінен екі желбау байланады.
Жасалу тәсілі
- Ағаштың қабығын аршып, көлеңкеде кептіреді.
- Қозға көміп жұмсартады.
- Жонып, төзге салып иіп, қажетті шеңбер пішініне келтіреді.
- Күлдіреуіштердің дөңес жағын жоғары қаратып, шеңберге бекітеді.
Әшекейлеу дәстүрі
Кейбір шаңырақтардың шеңбері сырланып, ішкі жағы сүйекпен және күміспен әшекейленген түрлері де кездескен.