Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметінің ерекшеліктеріне шолу жасау

Мазмұны

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері, зерттеу деңгейі және әдіснамалық негізі.

Негізгі бөлім I

Ресей дипломатиялық қызметінің дамуы: тарихи ретроспектива.

  • 1.1. IX–XII ғғ. Киев Русі дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы
  • 1.2. XIII–XV ғғ. Киев Русі дипломатиясының ерекшеліктері
  • 1.3. І Петрдің дипломатиялық реформасы: дипломатиялық қызметтің еуропалық моделіне көшу

Негізгі бөлім II

Қазіргі кезеңдегі Ресей дипломатиялық қызметінің даму деңгейі және ерекшеліктері.

  • 2.1. XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы Ресейдің дипломатиялық қызметі
  • 2.2. Қазіргі таңдағы Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметі

Қорытынды және әдебиеттер

Зерттеу нәтижелерін жинақтау және қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

XVI ғасырда Ресей империясы қалыптаса бастаған кезеңнен бері дипломатиялық және консулдық қызмет мәселелері өзектілігін жоғалтқан емес. Бұл жұмыста Ресейдің дипломатиялық қызметі тарихи ретроспектива тұрғысынан қарастырылып, оның бүгінгі күнге дейінгі даму барысы мен негізгі ерекшеліктері жүйеленеді.

Ерекше назар І Петрдің дипломатиялық қызметіне аударылады. Оның билікке келуімен дипломатия тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қатынастар жүйесі ретінде институционалдық сипат алып, реформалар арқылы көптеген жаңашылдықтарға жол ашты.

Ресей Федерациясы әлемдегі алдыңғы қатарлы державалардың бірі ретінде сыртқы саясатында дипломатиялық қызметке айрықша мән береді. Қазіргі Ресей дипломатиясы тарихи тұрғыдан ауқымы кең, тәжірибесі мол институт ретінде дипломатия тарихында маңызды орын алады.

Зерттеудің мақсаты

Ресей дипломатиясы мен дипломатиялық қызметтің тарихи тамырын зерттеп, даму ерекшеліктерін анықтау; құрылымдық сипаттарын айқындау. Сонымен қатар орта ғасырлардағы, империялық кезеңдегі және қазіргі Ресей Федерациясы дипломатиясының ерекшеліктерін салыстыра талдау көзделеді.

Зерттеудің міндеттері

  • 1

    IX–XII ғасырлардағы Киев Русі дипломатиясының қалыптасуы мен дамуына шолу жасау.

  • 2

    XIII–XV ғасырлардағы Киев Русі дипломатиясының ерекшеліктерін айқындау.

  • 3

    І Петрдің дипломатиялық реформасының маңызды аспектілерін көрсету.

  • 4

    XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Ресейдің дипломатиялық қызметіне сипаттама беру.

  • 5

    Ресей Федерациясының қазіргі дипломатиялық қызметінің ерекшеліктеріне шолу жасау.

Тақырыпты зерттеу деңгейі

Тақырыпты ашуда пайдаланылған әдебиеттердің ішінде В. М. Матвеевтің «Дипломатическая служба» еңбегі негізгі дереккөздердің бірі болды: онда Ресей дипломатиясының тарихи ретроспективасы кең қамтылған.

Сондай-ақ А. Локтионовтың «История дипломатии» кітабында Ресей дипломатиясының дамуына шолу жасалып, дипломатиялық институттың күшеюі мен ішкі саясат ерекшеліктері тұрғысынан маңызды мәліметтер жинақталған.

Қазіргі дереккөздер

Қазіргі кезеңдегі Ресейдің дипломатиялық қызметі, оның жүйесі және дипломатиялық-құқықтық негіздері туралы мәліметтер интернет-ресурстардан алынған.

Қосымша материал

Қосымша маңызды дереккөз ретінде Қазақстан Республикасының белгілі дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабы пайдаланылды: онда Ресейдің сыртқы саясатында елеулі рөл атқарған дипломаттар туралы мәліметтер қамтылған.

Курстық жұмысты жазу барысында халықаралық қатынастар мен дипломатияға арналған еңбектер де қолданылды. Қолданылған әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында берілген.

Зерттеудің әдіснамалық негізі

Жұмыста қазіргі ғылыми айналымда қолданылатын әдіснамалық принциптер мен тәсілдер негізге алынды. Ресей мемлекетінің дипломатиялық қызметін қарастыруда талдау және салыстыру әдістері қолданылды. Әр тарауда Ресейдің дипломатиялық қызметіне байланысты деректер жүйеленіп, талданды.

Жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыс екі бөлімнен, сондай-ақ кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Екі бөлімде де Ресейдің дипломатиялық қызметінің дамуы мен ерекшеліктері қарастырылады.

Көлемі

25 бет