Амансыңба жан досым
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты
- Табиғатты сүюге баулу және табиғатқа қамқор болуға үйрету.
- Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
- Өлеңдер арқылы сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Табиғатқа деген мейірімін оятып, адамгершілікке баулу.
Көрнекіліктер
- Құстардың суреттері
- Құстарға қатысты көрнекі материалдар
Бөлім
I. Ұйымдастыру — «Шаттық шеңбері»
Мақсат — балаларды жылы қарым-қатынасқа баулып, сабаққа эмоционалды тұрғыдан дайындау.
Шаттық шеңбері
Амансың ба, асыл күн!
Амансың ба, асыл жер!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жан досым!
Жылуыма жылу қос — міне, менің қолым.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз — міне, біздер қандаймыз!
Әңгімелесу және сұрақ-жауап
Сұрақ 1
Тәрбиеші: Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Төрт мезгіл бар: жаз, көктем, қыс, күз.
Сұрақ 2
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір көктем мезгілі.
Сұрақ 3
Тәрбиеші: Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз?
- Күн жылынады.
- Жаңбыр жауады.
- Құстар ұшып келеді.
- Ағаштар бүршік жарады.
- Шөп пен гүл өседі.
Келесі қадам
Тәрбиеші: Біз құстардың көптеген түрін білеміз. Қане, атап берейікші?