Бореальды белдеулер топырағы құрлымының ерекшеліктері
Семинар сабақ
Әлемнің топырақ жамылғысы және оның таралуы
Бұл семинарда әлем топырақтарының географиялық топтары, олардың таралу заңдылықтары және жіктелу қағидалары қарастырылады. Материалды талдау барысында топырақ зоналары мен зонашаларының ерекшеліктерін салыстыра отырып, кеңістікте таралуын түсіндіру ұсынылады.
Сабақтың мақсаты
Әлем топырақтарының географиялық топтарымен танысу, олардың таралу заңдылықтарын түсіндіру және негізгі үлгілерін талдау.
Семинар сұрақтары
- Полярлық белдеу топырақтары.
- Бореальды және суббореальды белдеулер топырақтары.
- Субтропикалық және тропикалық белдеулер топырақтары.
Әдістемелік нұсқаулар
Әлем топырақтары шартты түрде алты географиялық топқа біріктіріледі. Семинарға дайындық кезінде осы топтардың таралу заңдылықтарын және әлем топырақтарының жіктелуін жүйелі түрде қарастыру қажет.
I топ
Полярлық белдеу және полярлық тундра топырақтары, сондай-ақ субполярлық тундраның глейлі топырақтары.
II–III топ
Қоңыр салқын бореальды облыстардың топырақтары.
IV топ
Субтропиктік белдеу топырақтары.
V топ
Тропиктік белдеулер топырақтары.
VI топ
Ішкі зоналық (интразоналық) топырақ түрлері.
Топырақ жамылғысының таралуы көлденең (ендік) және тік (биіктік) белдеулік бағыттарда байқалады.
Тундра аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай үш зонашаға бөлінеді:
- Арктикалық тундра
- Кәдімгі тундра
- Орманды тундра
Сондықтан әрбір топ бойынша топырақ зоналары мен зонашаларының негізгі топырақ типтерін талдағанда, олардың қалыптасу жағдайлары мен диагностикалық белгілеріне ерекше назар аудару қажет.