Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану

Жоспар

Кіріспе

  • Кіріспе — 3-бет

I-тарау. Бастауыш мектеп оқу жұмысында көрнекілік принципі

Көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері.

  • 1.1. Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі — 5-бет
  • 1.2. Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары — 13-бет

II-тарау. Қазақ тілі сабақтарында көрнекілік принципін жүзеге асыру тәжірибесі

Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану жолдары.

  • 2.1. Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік түрлері — 21-бет
  • 2.2. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдары: тәжірибелік талдау — 34-бет

Қорытынды және дереккөздер

  • Қорытынды — 43-бет
  • Әдебиеттер тізімі — 45-бет
  • Жалпы көлемі — 46 бет (курстық жұмыс — 48 бет)

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі

Қазіргі кезеңде нарықтық қатынастардың орнығуы, дамыған елу елдің қатарына ұмтылыс, ақпарат ағынының үдеуі және ғаламдық компьютерлік жүйелердің кеңеюі адамның білімін үнемі жетілдіріп, жаңартып отыруын қажет етеді. Бұл үрдіс мектептегі оқытудың мақсат-міндеттеріне де тікелей әсер етеді.

Бүгінгі мектеп қоғамға әлеуметтік белсенді, еркін ойлайтын, жаңа ақпаратты өз бетінше меңгере алатын, саналы тұлға тәрбиелеуді көздейді. Осыған байланысты төменгі сыныптан бастап оқуға қызығушылықты және танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім жаңартылған мазмұнға, дамыта оқыту ұстанымдарына сүйенген бағдарламалармен жұмыс істеуі маңызды.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың басты бағыттары ретінде оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру және өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру міндеттері айқындалған.

Оқу сапасын арттыру, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактілі ойлауын дамыту үшін сабақта көрнекі әдістерді қолдану ерекше мәнге ие. Әсіресе көрнекілік құралдарының уақыт талабына сай жаңаруы (аудио, визуалды, компьютерлік, электрондық оқу құралдары) оқытудың тиімділігін күшейтеді.

Зерттеу нысаны

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану.

Зерттеу жұмысының мақсаты

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері

  1. 1 Психология, педагогика және әдістеме салаларындағы әдебиеттерді талдау.
  2. 2 Бастауыш сыныптағы оқыту үдерісінде көрнекіліктің маңызын анықтау.
  3. 3 Көрнекілік ұғымын ғылыми негіздеу және оның сабақтағы рөлін айқындау.
  4. 4 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдардың түрлеріне сипаттама беру.
  5. 5 Қазақ тілі сабақтарында көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдары бойынша тәжірибені талдау.

Зерттеу болжамы

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі мына шарттар орындалған жағдайда артады: көрнекі құралдар сабақта жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне және оқу материалының мазмұнына сәйкес іріктелсе, олардың байқампаздығы, пәнге қызығушылығы және абстрактілі ойлауы дамиды.

Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуалды, компьютерлік және электрондық оқу құралдары және т.б.) оқушылардың өзіндік әрекетін және шығармашылық белсенділігін күшейтіп, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің жетекші идеясы

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үдерісінде интерактивті тәсілдерді қолдану оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденісін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электрондық форматта ұйымдастырып, материалды көрнекі түрде ұсынуға жағдай жасайды.

Нәтижесінде сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім сапасына оң ықпал етеді.

Зерттеу әдістері

  • Теориялық талдау: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, мемлекеттік құжаттарды, оқулықтарды зерделеу.
  • Контент-талдау: зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдарды, көрнекілік ұғымының мәні мен мазмұнын, түрлерін, оқыту әдістері мен талаптарын айқындау.
  • Әлеуметтік-педагогикалық әдіс: озат мұғалім тәжірибесін зерттеу.
  • Эксперимент әдісі: анықтау, оқыту, бақылау кезеңдері.
  • Оқушы әрекетін талдау: салыстыру және жіктеу.

Жұмыстың құрылымы

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі — 46 бет (курстық жұмыс — 48 бет).