Әскери әуе күштерінде

Ғарышкер ұғымы

Ғарышкер (астронавт, космонавт) — ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін және оны пайдаланатын маман. Бұл мамандық адамның ғарышқа алғаш ұшуынан кейін, 1961 жылдан бастап қалыптасты.

KZ

Қазақстанның ғарышкерлері

Қазақстаннан шыққан ғарышкерлердің ішінде Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров пен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың орны ерекше. Олардың қызмет жолы ғылым, техника және мемлекеттік басқару салаларымен тығыз байланысты.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Кеңес Одағының Батыры (1988) Халық Қаһарманы (1995)

Туған жылы мен жері

1946 жыл, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Білімі

Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесі (1969), авиация институты (1979)

Ғылыми дәрежелері

Профессор (1997), техника ғылымының докторы (1998)

Әскери және сынақшы-ұшқыш жолы

  • 1969–1975: Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.
  • 1976–1992: Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюрода ұшқыш-сынақшы. Елуге жуық реактивті ұшақтың жаңа түрін сынақтан өткізді.
  • 1990: Ғарышкерлер құрамына қабылданды.

Ғарышқа ұшуы

1991 жылғы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

Ғарышта болған уақыты

7 күн 22 сағат 13 минут

Зерттеу бағыттары

Биотехнология, металлургия, медицина, сондай-ақ Арал аймағына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Маңызды нәтижелер

Арал үстіндегі тұзды шаң боранының қалыптасу үдерісі және зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуын көрсететін ғарыштық түсірілімдер алынды.

Ғарыштан кейінгі қызметі

Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге және әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жүйелеуге белсене қатысты.

  • 1992–1993

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары

  • 1993–1994

    Ұлттық аэроғарыштық агенттіктің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары

  • Парламенттік қызмет

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері әрі Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев

Ғарышкер Техника ғылымдарының докторы (2008) Авиация генерал-лейтенанты (2007)

Туған жылы мен жері

1951 жыл, 7 қаңтар; Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы

Білімі

Рига азаматтық авиация инженерлері институты (1974), инженер

Қызметі

Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

Еңбек жолы және даярлығы

  • 1974: Бұрындай әуе кәсіпорнында инженер болып еңбек жолын бастады.
  • 1975–1984: Әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметтерін атқарды.
  • 1984: Алматы әуе клубында оқуын аяқтады.
  • 1986: Ұшқыш даярлығын тәмамдап, азаматтық авиация пилоты куәлігін алды.
  • 1987–1990: Азаматтық авиацияда ұшқыш және ұшақ командирі қызметтерін атқарды.
  • 1991 жылдан бастап: Ғарышқа ұшуға даярлыққа кірісті; Әскери-әуе күштерінде қызмет атқарды, қосалқы ғарышкер ретінде екінші экипаждардың құрамында болды.
  • 2000: Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады.
  • 2001–2005: Ресейдің ғарыш саласындағы мекемелерінде қызмет етті.
  • 2005: «Бәйтерек» АҚ (Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорны) бас директоры.
  • 2007 ақпан: Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
  • 2007 жылғы 11 сәуірден: Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.

Ғарыштық миссиялары

1-ұшу

«Союз ТМ-19» (1994)

Ғарышта болған уақыты — 126 күн.

2-ұшу

«Союз ТМ-27» (1998)

Ғарышта болған уақыты — 208 күн.

Айрықша жетістік

Гиннестің рекордтар кітабында бір айдың ішінде 5 рет ашық ғарышқа шыққаны тіркелген (жалпы уақыты — 30 сағат 8 минут).

Ұшу кезіндегі серіктестері

Америкалық ғарышкер Л. Эйартс және ресейлік ғарышкер Николай Бударин.

Қону кезіндегі экипаж

Ресей ғарышкерлері Николай Бударин және Юрий Батурин.

2001 жылы әскери атағы — запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры; 2007 жылдан — ҚР авиация генерал-лейтенанты.