Жеміс жинау салтымыз

Сценарий Балабақша Алтын күз

Күз мерекесінің шырайы

Жүргізуші күздің көркі мен берекесін жырға қосып, ата-аналар мен әріптестерді мерекемен құттықтайды. Табиғатты сүю, оны аялап-қорғау — әр адамның міндеті екені ерекше атап өтіледі. Өйткені табиғат аман болса, көңіл де әрдайым көтеріңкі.

Жүргізушінің кіріспе сөзі (үзінді):

«Сары жібек көйлегін желбіретіп, жапырағын ағаштың селдіретіп, тойға бөлеп елімді — күнім келді. Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп…»

Қазылар алқасы

  • Балабақша директоры

    Дәуітова Роза апай

  • Балабақша әдіскері

    Сүлейменова Амангүл

  • Медбике

    Ниязбекова Алмагүл

  • Жүргізуші

    Іс-шара модераторы

Сайыскерлер

Жүргізуші көрерменді жігерлендіріп, қатысушыларды ортаға шақырады. Сайысқа алты жұп қатысады:

Жұп 1

Мұхтарова Еркемай — Ислам Шыңғыс

Жұп 2

Болатқызы Аружан — Орынбасаров Әбдуаркен

Жұп 3

Амантаева Нұрсая — Жармағанбетов Байкесте

Жұп 4

Алдашева Жансая — Марал Жансен

Жұп 5

Оразова Ақжүніс — Құлманов Рамазан

Жұп 6

Амантаева Айнұр — Бақтияр Қуандық

Жүргізуші (үзінді):

«Кірпігі ине болып қадалды да, ұшқындап көрермендер жанарында… Қол ұрмай қалған, сірә, адам бар ма?»

Сайыс шарттары

  1. 1

    Таныстыру және сәлемдесу

    Әр жұп өзін таныстырып, көрерменмен амандасады.

  2. 2

    Өз өнері

    Би, тақпақ, өлең немесе көркем сөз оқу.

  3. 3

    Сұрақ–жауап

    Әр жұп қазылар алдынан бір сұрақ алып, жауап береді.

  4. 4

    Сән үлгісі

    Әр қатысушы өз қиялына сай образын таныстырады.

  5. 5

    Ас мәзірі

    Үйден дайындалып әкелінген тағамды қорғап, таныстыру.

І кезең — Таныстыру

Сайыскерлер ортаға шығып, әдеппен танысады. Бірінші бөлім аяқталған соң қазылар алқасы бағасын береді.

Жүргізуші (үзінді):

«Сайыскерлер келіп жетті танысуға, бойындағы бар дарынды танытуға… Әдеппен, ізетпенен танысуға…»

Көркем үзіліс — Күз туралы тақпақтар

Екінші кезеңге дайындық барысында балалар «Алтын күзге» арналған тақпақтарын оқиды.

Қасымхан

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Шахназ

Көбейді құт-береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Аида

Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Нұрәли

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Бекарыс

Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.

Аслан

Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Досымжан

Астық, жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.

Нұраман

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

Жансая

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз.

Жансәуле

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

ІІ кезең — Өз өнері

«Өнерлі өрге жүзер» демекші, әр жұп өз өнерін көрсетеді. Көрсетілім аяқталған соң қазылар алқасы бағасын береді.

ІІІ кезең — Сұрақ–жауап

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» қағидасымен әр жұп қазылар алқасының алдынан бір сұрақ алып, жауап береді. Барлығы сұрақтарға жауап берген соң, келесі кезеңге дайындық кезінде биші қыздардың корей биі ұсынылады.

IV кезең — Сән үлгісі

Бұл кезеңде қатысушылар өз қиялына сүйеніп дайындаған сән үлгілерін көрсетеді. Қазылар алқасы төртінші кезеңді бағалайды.

V кезең — Ас мәзірі

«Ас — адамның арқауы» демекші, соңғы кезеңде сайыскерлер үйден дайындап әкелген тағамдарын таныстырып, қорғайды. Сайыскерлер дайындалғанша ұлдардың биі ұсынылады.

Қорытынды

Осылайша сайыскерлер бес кезеңнен өтіп, өз бойларындағы өнерлерін көрсетті. Ендігі сөз — қазылар алқасында. Қазылар шешімі шыққанша бүлдіршіндердің «Алтын күз» әні орындалады.

Іс-шара аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!