Ғылыми астрономияның Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы КСРО ның батыс Еуропадағы қалаларының, ірі институттардың эвакуациялануынан бастау алғанын көрсеттік


Астрономияның Қазақстанда даму жолын зерттеуде, қолданылған әдебиеттерге талдау жасалып, осы саланың тарихы бір ретке келтірілді. Ғылыми астрономияның Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы КСРО ның батыс Еуропадағы қалаларының, ірі институттардың эвакуациялануынан бастау алғанын көрсеттік.  1941 жылы 21 қыркүйекте Алматыда болған Күн тұтылуы да осы алғашқы қадамға өз септігін тигізді. Ал жоғарыда көрсетілген мәліметтерден В. Фесенков, Г. Тихов сияқты алып ғалымдар Қазақстандағы Астрономияның негізін қалай отырып, тек Қазақстан емес жалпы астрономияға қосқан үлестерін көреміз. Қазақ астрономиясының терминологиясы мен ежелгі қазақ халқының ғарышқа өзіндік көзқарасымен бір қадам жақын болғаны туралы зерттеулермен өз үлесін қосқан Х. Әбішевті айта кетуіміз керек.

Қазақстанның тоқсаныншы жылдардағы реформалар нәтижесіндегі, экономиканың әлсіреп, ғылымға деген назардың төмендеуі және жастардың ғылымға деген қызығушылығының жоғалуы ғылымға әсер етті. Бірақ қазіргі таңда ел экономикасы тұрақталған сәтте, ғарыш саласының болашағы айқындалып отыр. Қазақстан алдынғы уақытта алып ғарыш мемлекетіне айналу мақсатында, алдымыздағы атқарылған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін қолданып, жасалып жатқан зерттеулерге дұрыс баға беріп, атқарылатын жұмыстардың қажеттілігі талқылап, мемлекет тарапынан осы салаға үлкен көмек көрсетіліп отыр. Осыған орай менің дипломдық жұмысым Астрономия саласында ізденген жас мамандарға өз көмегін тигізеді деген ойдамын.

Астрономияның Қазақстанда даму жолдары тақырыбындағы дипломдық жұмысты жазу барысында жинақтаған нәтижелердің негізінде мыныдай қортындылар жасаймын:
Қазақстандағы астрономия ғылымының даму жолын көрсететін барлық   материалдар мен әдебиеттер мүмкіндігінше толық қарастырылып,  оған ғылыми тұрғыдан талдау жасалды. Астрономия ғылымының Қазақстанда негізін қалаған үлкен ғалымдардың ғылыми жұмыстары мен өмір жолдары қазақ тілінде алғаш рет жүйелі түрде баяндалды. Астрономия саласында бүгінгі таңда жасалып жатқан жұмыстардың қажеттілігі мен проблемалары көрсетілді. Жинақталған материалдарды қазақ тіліне аудару барысында біршама  астрономиялық терминдерге қазақша баламалары енгізілді.
Әдебиеттер:

1.  Отчет Института астрономии и физики Казахского филиала АН КазССР, 1942 Астроном. журнал. – Т. ХIХ. № 5. – С. 45-46.

2.  Фесенков В.Г., 1947; Теория вертикальной видимости Известия Академии наук Казахской ССР. Сер. астроном. и физ. – вып. 1. – С. 63-82.

3.  Парийский Н.Н., 1943; К вопросу о происхождении Солнечной системы. Астроном. журнал. Т. 29. № 2. – С. 9-29.

4.  Воронцов-Вельяминов Б.А., 1943; Астрофизические наблюдения кометы Тевзадзе II 1942 Астроном. журн. – Т. 20, № 2. – С. 30-33.

5.  Фесенков В.Г., 1947; Метеорная материя. В межпланетном пространстве. – М.; Л.: Изд-во АН КазССР.

6.  Дарчия Ш. П. Флуоресценция растений при облучении светом разной длины волны. Изд. АН КазССР, Алма-Ата, 1956, 174 с.

7.  Кучеров Н. И. Выбор места для постройки планетной обсерватории. В кн.: Труды сектора астроботаники АН КазССР. Алма-Ата, 1953, т.1, с.73-83.

8.  Тихов Г. А. Основные труды. Изд. АН КазССР. Алма-Ата, 1955, т.2, с.61.

9.   E. Verdaguer, P. Letelier Phys. Rev.D. 1987, V.36,P. 2981-2985.

10. P. Letelier CQGra. 1987, V.4, P. L75-L77.

11. D. Gal’tsov, P. Letelier Phys. Rev. D. 1993, V.47, P.4273-4276.

12. М. В. Сажин и др. Письма в АЖ, 2005, т.31, №2, стр.83

13. Abdildin M.M. Gravitations & Cosmology. 1999, V.5, No.3 (19), P.219-221.

14. Omarov T.B. (Editor). Non-Stationary Dynamical Problems in Astronomy, Nova  Science Publishers Inc. New-York, 2002. 248 P.

15. Bekov A.A., Omarov T.B. Astronom. and Astroph. Transactions, 2003, V.22(2), P. 145-153.

16.  Bekov A.A. Order and Chaos in Stellar and Planetary Systems, ASP Conference Series, 2004, V.316, P.366-370.

17. Омаров Т.Б. отв. ред. Современная астрофизика: традиции и перспективы (тезисы докладов). Алматы. 2005. С.10-75.



Ұқсас жұмыстар

Қазіргі астрономия Дәстүр мен болашаққа бағдар
Астрономияның қазақстанда даму жолы
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
Германия және фашистік режимнің күйреуі
Уақыт және тарих
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ
Ұлы Морав мемлекеті
Қазақ ауылын кеңестендіру
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері