БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

Мазмұны

1. Дайындық тобына арналған бағдарламалық материал

  • 1.1 Санның сандық мәні; екінші бестік көлеміндегі оның бірліктерден құрылуы
  • 1.2 Санның екі кіші саннан құрылуын қарастыру
  • 1.3 Сандар арасындағы өзара кері қатынастар жөніндегі білімді бекіту

2. Мектепке даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі: жиын, санау, сан

  • 2.1 Жиынмен жұмыс істеу
  • 2.2 Нәрселерді орналасу түріне байланыссыз санау; жазықтықта кеңістік бағдарды дамыту
  • 2.3 Балаларды санның шартты белгісі ретінде цифрмен таныстыру

3. Балаларға есептеу әрекетінің элементтерін үйрету

  • 3.1 Арифметикалық есептің мәнін балалардың түсіну ерекшеліктері

4. Балабақшада балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері

  • 4.1 Қосу кестесінен сандық мәліметтерді таңдап алу
  • 4.2 Есептер мен арифметикалық амалдарды оқып-үйрену жұмысын жоспарлау
  • 4.3 Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал түрлері
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мектепке даярлық тобында математиканың элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі туралы курстық жұмыс.

Балабақшадағы даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйелеу және бұған дейінгі бүкіл тәрбиелеу мен оқыту жұмысының нәтижесінде балалардың жалпы өсіп-жетілу деңгейін зерделеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін психологиялық дайындықты қамтамасыз ету болып табылады.

Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өз оқуына және өз тәртібіне жауапкершілікті түсінетіндей өзгеріс болуы қажет. Бала балабақшада көптеген эмпирикалық білім алады, ал мектепке көшкенде біртіндеп тереңдей түсетін ғылыми білім ашыла береді. Бұл жағдай абстрактілі ұғымдармен және операциялармен жұмыс істеуге дайындықты талап етеді.

Негізгі назар

Басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсік, ес, зейін және т.б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі.

Сана әрбір жеке функцияның дамуындағы жекелеген өзгерістердің қосындысы ретінде дамымайды; ол әр жаңа кезеңде өзінің ішкі құрылысын және бөліктерінің байланысын өзгерте отырып, тұтас жүйе ретінде дамиды. Л. С. Выготский сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы ең басты әрі ең елеулі құбылыс екенін атап көрсеткен.

Даярлық топтағы балалар өздерін балабақшадағы ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған балалардың бұл позициясы олардың өз-өзіне қатынасын өзгертеді және басқа топтағы балалармен қарым-қатынасына да ықпал етеді. Бала көбіне: «Мен қазір ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, содан кейін мектепке барамын», — деп ой түйеді және «ең ересек бала» болуды армандайды.