Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
Мазмұны
Негізгі бөлімдер
- Кіріспе — 3–4
- Практикалық бөлім — 25–31
- Қорытынды — 32–33
- Әдебиеттер тізімі — 34
Тараулар құрылымы
-
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттері туралы жалпы түсінік1.1Қабілетті қалыптастыру жолдары — 5–101.2Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері — 10–141.3Ойлау формалары — 14–17
-
2. Оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері2.1Дидактикалық зерттеу әдістері — 18–212.2Теориялық зерттеу әдістері — 21–222.3Психологиялық зерттеу әдістері — 22–24
Кіріспе
Адамның шынайы адамгершілік қасиеттері өмір бойғы тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Осы үдерісте бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған зерттеу әдістерінің ықпалы ерекше. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламалары ойлаудың әртүрлі қырларын дамытуды ескере отырып құрастырылған, ал оқулық мазмұны оқушының ойлауын жетілдіруге елеулі үлес қосады.
Дегенмен мәселені нәтижелі шешу үшін әрбір болашақ мұғалім ойлау қабілетінің жас ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын және зерттеу әдістерін терең түсінуі қажет.
Тақырып
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін зерттейтін әдістер
Өзектілігі
Бастауыш мектептің негізгі мақсаты — білім бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру және оқуға ынтасын ояту.
Мақсаты
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеу әдістерін анықтау.
Неліктен бұл мәселе маңызды?
Бастауыш мектеп кезеңінде бала алған білімін өз іс-әрекетінде қолдануға дағдыланады. Осы уақытта ой қорытынды жасау, себеп-салдар байланысын анықтау, түсінік беру сияқты танымдық әрекеттер айқынырақ байқалады. Сонымен қатар оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактілі ойлауға қарай дамиды: ол заттарды тиісті ұғымдарға жатқызуды, өз пікірін дәлелдеуді үйрене бастайды.
Ойлау қабілеттерінің қалыптасуы мен дамуы жүйелі зерттеу әдістеріне сүйенеді. Ойлауды зерттеу әдістері арқылы, біріншіден, оқушы қоршаған ортаны таниды; екіншіден, тапсырмаларды орындауда өзіндік талаптары күшейеді; үшіншіден, сөздік қоры кеңейеді.
Міндеттері
-
1
Ойлау қабілеті туралы ұғымды нақтылау және бастауыш сынып оқушыларының ойлау үдерісінің ерекшеліктері жөніндегі ғылыми-теориялық негіздермен танысу.
-
2
Ойлау үдерісін дамытуда халық педагогикасы мен психология элементтерін қолданудың ерекшеліктерін зерделеу.
-
3
Ойлау үдерісін дамытуға шығармашылықтың тигізетін әсерін көрсету.
Зерттеу логикасы және жұмыс құрылымы
Жұмысты орындау тәсілі
- Қабілет ұғымының анықтамасы мен ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлауды дамытуға әсер ететін жағдайларды айқындау.
- Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау.
- Озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарын іріктеп, жұмыста қолдану.
- Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп, зерттеу құрылымын айқындау.
Құрылымы
Зерттеу аппараты
Зерттеу нысаны
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Ғылыми болжам
Егер бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттейтін әдістер айқындалып, тәжірибеде тиімді қолданылса, онда оқушылардың ойлау қабілетінің даму жүйесінің негізі қаланады.
Әдіснамалық және теориялық негіз
Таным, білім, оқушының ақыл-ой іс-әрекеті және ойлау туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, сондай-ақ білім сапасын арттыру теориялары.
Зерттеудің көздері
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.
- Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы.
- Жетекші психолог, педагог, әдіскерлердің ғылыми-зерттеу нәтижелері.
- Мәселеге қатысты отандық және жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері.