Жүк құрылғылары

Мазмұны

  1. 1 Станса және кірме телімдерінің техникалық пайдалану мінездемесі
  2. 2 Станса сызбасын таңдау
  3. 2.1 Аралық станса түрін таңдау
    2.2 Жолаушылар ғимаратының орналасу орнын таңдау
    2.3 Жүк ауласының орналасу орнын таңдау
  1. 3 Құрылыстардың өлшемдерін анықтау
  2. 3.1 Жолдардың ұзындығы мен саны. Жолдың үстіңгі құрылысы
    3.2 Жолаушыларға қызмет көрсету құрылғылары
    3.3 Жүк құрылғылары. Өзге құрылғылар
    3.4 Шекаралық тіректер мен сигналдардың орналасуы
    3.5 Жол соңы қосылыстарын есептеу
    3.6 Съезді есептеу
  3. 4 Пойыздық және маневрлік жұмысты ұйымдастыру
  4. 5 Жер төсемінің бойлық бедері
  5. 6 Станса жұмысшыларының еңбегін қорғау және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  6. Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

    Кестелік бөлім

Курстық жұмыс көлемі: 25 бет.

Кіріспе

Аралық станса — теміржол желісіндегі жеке бөлімнің ең кең таралған түрі. Теміржол жүйесінде 5000-нан астам аралық станса бар. Тасымалдау жоспарын толық әрі уақытында орындау көбіне осы стансалардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға байланысты.

Аралық стансаның негізгі міндеттері

  • Желінің өткізу қабілетін қамтамасыз ету.
  • Жергілікті жүк жұмысына қызмет көрсету.
  • Жолаушылар тасымалы кезінде халықтың сұранысын өтеу.

Бір жолдық желіде пойыздарды өткізу қабілеті пойыздардың басып озуына немесе пойыздардың қиылысуына байланысты. Транзиттік пойыздар, әдетте, аралық стансадағы арнайы қабылдау-жөнелту жолына немесе платформасы бар басты жолға қабылданады.

Соңғы жылдары аралық стансаның жергілікті жүк айналымындағы рөлі артып келеді. Мұнда минералды тыңайтқыштарға, сондай-ақ әртүрлі ауыл шаруашылық техникасына арналған қоймалар орналастырылады.

Қабылдау-жөнелту жолдарының орналасуына қарай сызба түрлері

Қатар орналасқан түрі

Қабылдау-жөнелту жолдары бір-біріне параллель орналасады.

Бойлық орналасқан түрі

Қабылдау-жөнелту жолдары бірінен соң бірі, қарама-қарсы бағытта орналасады.

Жартылай бойлық түрі

Қабылдау-жөнелту жолдары аралас (комбинацияланған) түрде орналастырылады.