Тауар өткізуді жоспарлау

Жоспар

Бөлімдер

  1. Кіріспе — 3-бет
  2. І. Тауар және тауар өткізу саясатының теориялық негіздері
    1.1 Тауардың мәні, түрлері, қызметтері — 5-бет
    1.2 Тауар айналымы және тұтыну құны — 6-бет
  3. ІІ. Тауар өткізуді жоспарлау
    2.1 Тауардың өткізілу қабілеттілігін жоспарлау — 9-бет
    2.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау — 13-бет
    2.3 Рынок сыйымдылығы және тауар өткізу көлемін жоспарлау — 18-бет
    2.4 Тауарды өткізудегі жарнаманы жоспарлау — 20-бет
    2.5 Тауар өткізудің қорытынды жоспары — 21-бет
    2.6 Тауардың өткізілу қабілеттілігінің шекарасы — 22-бет

Қосымша бөлімдер

  • ІІІ. Тауарларды көтермелеп сату формалары және оларды қолдану шарттары — 24-бет
  • Қорытынды — 27-бет
  • Пайдаланылған әдебиеттер — 29-бет
Құжат көлемі
29 бет курстық жұмыс

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі тұтыну құны мен тауар табиғатын, сондай-ақ тауар өткізуді жоспарлау саясатын түсіндіру қажеттілігімен айқындалады. Тұтыну құны — тауардың пайдалылығы, яғни адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары немесе өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдардың қажеттілігін өтейді.

Тауар — айырбасқа, сатуға және тұтынуға арналған еңбек өнімі. Тауардың айырбасталуына немесе сатылуына мүмкіндік беретін өзіндік қасиеттері болуы шарт: мысалы, нан, май, сүт жеке тұтыну қажетін қанағаттандырса, құрал-жабдықтар өндірістік қажеттіліктерге қызмет етеді.

Тұтыну құнының ерекшеліктері

1) Табиғи қасиеттерімен байланысты

Тұтыну құны көбіне заттың табиғи қасиетіне тәуелді. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектер құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар және белоктар болады.

2) Еңбек мөлшеріне тәуелсіз

Тұтыну құны оны өндіруге жұмсалған еңбек көлемімен тікелей байланысты емес. Мәселен, 100 г нан пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 жұп аяқ киім тігуге жұмсалған еңбек әртүрлі, бірақ олардың пайдалылығы қоғам үшін бірдей маңызды болуы мүмкін.

3) Қоғам дамуына сай өзгереді

Тұтыну құны барлық қоғамда болады, алайда өндіргіш күштердің дамуымен және өндірістік қатынастардың жетілуімен оның рөлі өзгеріп отырады. Бұрын көлік ретінде ат пен арба кең қолданылса, бүгінде бұл міндетті машина, поезд және ұшақ атқарады. Заттардың пайдалы қасиеттері де қоғам дамуымен кеңейе түседі: ағаш бұрын тек құрылыс материалы мен отын болса, қазір одан алынатын өнімдер түрі әлдеқайда көп.

Тауардың екіжақтылық қасиеті және еңбектің сипаты

Нақты еңбек (тұтыну құнын жасайды)

Нақты еңбек — адамның жұмыс күшін белгілі бір мақсатқа сай, нақты өндіріс құралдарын, шикізат пен қосалқы материалдарды пайдалана отырып жұмсауы. Ол қызметкерлердің ептілігі, тапқырлығы, шеберлігі және өндіріс процесіндегі әдіс-тәсілдері арқылы сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі болғанымен, құнның негізі бола алмайды.

Абстрактылы еңбек (құнды жасайды)

Абстрактылы еңбек — физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау, яғни еңбек шығынының жалпылама көрінісі. Дәл осы абстрактылы еңбек тауарлардың құнын қалыптастырады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Зерттеу жұмысының мақсаты — тауар өткізуді жоспарлау саясатын және оның даму үрдістерін қарастыра отырып, осы бағыттағы негізгі ұстанымдарды талдау.

Міндеттері

  • Тауар өткізудің мәнін және түрлерін зерттеу.
  • Тауар өткізу саясатының мазмұнын талдау.
  • Тауардың мәнін және атқаратын қызметтерін қарастыру.
  • Тауар–ақша қатынастарына қатысты негізгі мәселелерді зерделеу.

Құрылымы

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.