Тасқа жазылған дастандар туралы қазақша реферат
Тасқа жазылған дастандар туралы
Шамамен VI ғасырда Жетісу, Алтай және Орталық Азияны мекендеген түрлі ру-тайпалар бірігіп, тарихта Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрды. Сол ежелгі түрік дәуірінің қоғамдық, әдеби және мәдени өмірін жырлаған ғажайып мұралар бүгінге дейін сақталып жетті.
Бұл ескерткіштер Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жырлары ретінде белгілі. Бұдан шамамен 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашалып жазылған бұл әдеби мұралар идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да оқырманын әлі күнге дейін таңдандырып келеді.
Жанр туралы пікірталас
Тасқа қашалған, руна жазуымен жазылған жәдігерлердің жанры туралы ұзақ уақыт бойы әртүрлі пікір айтылды: бір зерттеушілер оларды прозалық шығарма десе, енді біреулері поэзиялық туынды деп бағалады.
Кейінгі кезеңде, әсіресе көрнекті кеңес ғалымы И.В. Стеблеваның «VI–VIII ғасырдағы түркі поэзиясы» атты еңбегі жарық көргеннен кейін, руна жазуындағы әдеби мұралар кеңінен поэзиялық туынды ретінде танылды.