Шоқпардан жас болыпты барлық батыр

Шоқпар батыр туралы дерек және Жанақ ақын жыры

Шоқпар батырдың қалмақты Ертіске жеткізбей қырған жорықтарда жасы ең үлкені болғаны айтылады. Бұл туралы Жанақ ақын өзінің Баянаула туралы дастанында былай деп жырлайды:

Шоқпардан жас болыпты барлық батыр,
Алпыс жыл аттан түспей келе жатыр.
Қалмақ қызын бас қылып, олжа беріп,
Қонысы — өзі алған үлкен адыр.
Бет қоя өз жеріне қашқан қалмақ,
Батырдың тізесіне кім шыдамақ.
Серектас деген аты қалдырылып,
Аталып Қалмаққырған содан қалған…

Жанақ ақын. Баянаула туралы дастан. [12, б. 12–13]

«Қазақта батыр көбейіп кетіпті» деген сөздің байыбы

Әр бөлімнің басында сарбаздардың өздері араларынан сайлаған, жеке ерлігі мен қол басқару қабілеті айқын көрінген бір адам тұрған кезде «Қазақта батыр көбейіп кетіпті» деген қаңқу сөзді айтуға қақымыз бар ма? Жоқ. Қайта мұндай құбылысқа назар аударып, ас берілген не ас берілетін перзенттің азаттық күрестегі орнын айқындап беру — тарих ғылымының міндеті.

Автор білетін батырлар

  • Қаржас Шоқпар
  • Жасыбай
  • Қозған Бөкше
  • Бәсентиін Малайсары

Шоқпар батырдың орны

Осылардың ішінен сөз ететінім — Шоқпар батыр. Ол Сүйіндік жасағының жартымыңдығын басқарып, қазақ–қалмақ арасында болған ірілі-ұсақты шайқастардың бәріне қатысқан деседі.

Түйін

1730 жылдан кейін жаудың сағы сынған соң, қазақтардың тарихи Отаны — кең жайлауы Сарыарқаға қарай қайта көше бастағаны белгілі.

Сәти мырза бастаған көші-қон және Төртұлы одағы

Сәти мырза (Шорман бидің атасы) алда қанды жорық тұрғанын ескертіп, Сүйіндік балаларынан өрбіген ұрпақты бытыратып алмай, «тас түйін болып жылжиық» деп, Төртұлы аталатын одаққа біріктірген екен. (Мәжік жастайынан қайтыс болды ма, әйтеуір бұдан ұрпақ болмаған деген дерек айтылады.)

Осы көш жөнінде Жанақ ақыннан мынадай жолдар жеткен:

Сәти атам Сырда жұртты жинаған шақ,
Зейнеп ана ақылгөй серігі екен.
«Арқаға тарт көшті», — деп берген ойды.

Ол көштің бас-аяғы бір күндік жер,
Екен дейді, шерулеп қозғалыпты ел.
Ол кезде қалмақ елі жолды кескен,
Еркек атау көрінбепті аттан түскен.

Сонда Зейнеп айтыпты Сәти биге:
«Алаңдама, алға тарт! Мұрат сонда.
Әйел де ет-сүйектен жаралған ғой,
Ол да батыр — қаруы барда қолда.
Бала-шаға, малымыз — бәрі көште,
Уә, тағала, әйел алған беті оңда!»

Сөйтіп, Зейнеп әйелден жинапты қол,
Әскер саны сол себепті болыпты мол.
Сәти алда, соңында көштің Зейнеп,
Ақылмен ашылыпты қайырлы жол.

Қорғаныс жасағы және Шоқпарға жүктелген міндет

Көшке бүйірден тиіскендер мен соңынан қуушылардан қорғап отыратын жасақты басқару Шоқпарға тапсырылған.

Қаратау маңында Құлболдының бір тармағы — айдабол руының көші қосылып, оның қорғанын Олжабай батыр басқарған. Қалған жолды Төртұлымен бірге алған екен.

Бұл оқиғаны жеткізген кәріқұлақтар көштің әуелі Ереймен сілеміне келіп қоныстанғанын айтады. Соның белгісіндей болып, сол сілемде «Сәти шілік», «Олжабай шілік» деген жер атаулары бүгінге дейін сақталған.

Баянауыл, Желтау, Қызылтау үшін күрес: он жылдық текетірес

Бұдан жүз жыл бұрын қалмақ басып алған Баянауыл, Желтау, Қызылтау сілемдерін жаудан босатып алу күресі он жылға созылған. Сол кезеңде Төртұлы жасағы шығысқа қарай қанатын кең жайып жылжыған деседі.

Жасақтардың орналасуы

Орта тұс
Баянауланы бетке ұстаған айдабол жасағы (Сүйіндік жартымыңдығы) — басында Жасыбай батыр.
Сол қанат
Бәсентиін жасағы — Малайсары батыр басқарған.
Оң қанат
Сүйіндіктің жартымыңдығы — Шоқпар батыр бастаған.
Бас сардар
Барлық жасаққа Олжабай басшылық еткен.

Азаттық күресі ұзаққа созылды: жау қайыспады, қазақ мойымады. Текетірес тағы да он шақты жылға ұласқан.