Еңбеккерлердің құрамының есебі

Мазмұны

1-бөлім

  1. 4-б. “НИМЭКС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі еңбек ақы төлемдер есебі
  2. 4-б. Еңбеккерлер құрамының есебі
  3. 5-б. Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
  4. 7-б. Өнім мен еңбек төлемі есебін ұйымдастыру

2–3-бөлімдер

  1. 11-б. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке ақы төлеу есебін талдау
  2. 11-б. Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және мазмұны
  3. 13-б. Шығындар, сату көлемі және табыстар арақатынасын талдау
  4. 14-б. Қаржылық қор бірлестігі және есеп рентабельділігі
  5. 16-б. “НИМЭКС” ЖШС-ке еңбекке төлемақы есебінің аудиті
  6. 16-б. Аудит: пайда болу кезеңі және дамуы
  7. 24-б. Аудиттің ақпараттық базасының құрамы
  8. 26-б. Нақты тексеру тәсілдері
  9. 28-б. Қорытынды
  10. 29-б. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде экономиканың барлық салаларында түбегейлі өзгерістер орын алды. Соның ішінде еңбекке ақы төлеу жүйесі де айтарлықтай жаңарды: мемлекет, кәсіпорын және қызметкер арасындағы қатынастар жаңа мазмұнға ие болды.

Еңбек қатынастарын реттеу тетіктері де өзгерді. Қазіргі жағдайда еңбек қатынастары, негізінен, тарифтік келісімдер және ұжымдық шарттар арқылы құқықтық тәртіпте реттеледі. Әрбір кәсіпорын өз мақсатына жету үшін өзіне тиімді еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы.

Өзектілік

Еңбек ақы төлеудегі негізгі қайшылық қызметкер мен жұмыс беруші мүдделерінің айырмашылығынан туындайды: қызметкер жоғары жалақы алуға ұмтылады, ал жұмыс беруші еңбекақы шығындарын төмендету арқылы өнімнің өзіндік құнын арзандатуға талпынады.

Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға тікелей әсер ететін басты факторлардың бірі — еңбекке ақы төлеу жүйесі. Бұл жүйе қызметкердің жұмысқа келуін ынталандыратын негізгі себептердің бірі болғандықтан, оның маңызын төмен бағалауға болмайды.

Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебі еңбектің сапасы мен санына жедел бақылау жүргізуді, сондай-ақ еңбек ақы қорына байланысты әлеуметтік төлемдер мен аударымдарды дұрыс есептеуді талап етеді. Бұл бағыттың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Еңбекке ақы төлеудің жаңартылған жүйелері қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету тетіктерін де қамтиды. Алынатын табыстың құрылымы көбіне таңдалған еңбек ақы төлеу жүйесіне тәуелді.

Тақырыптың маңыздылығы кез келген мемлекет үшін еңбек ақы деңгейі мен халықтың өмір сүру сапасының өзара байланысымен айқындалады. Еңбек ақы — көпшілік үшін негізгі табыс көзі, сондықтан жалақыға қатысты мәселелер әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан әрдайым өзекті.