Шарт - азаматтық құқықтарды, қандай - да бір қарым - қатынастардан туындайтын міндеттерді белгілеу, өзгерту, тоқтату туралы екі немесе бірнеше тұлғалардың (тараптардың) келісімі

Шарт ұғымы

Шарт — азаматтық құқықтарды, сондай-ақ белгілі бір қатынастардан туындайтын міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы екі не одан да көп тұлғаның (тараптардың) келісімі.

Рәсімдеу тәртібі

Шарт А4 форматтағы парақта рәсімделеді.

Шартта болуы тиіс деректемелер

  • құжат түрінің атауы;
  • күні;
  • тіркеу нөмірі;
  • мәтіні;
  • келісім жасалып жатқан тараптардың заңды мекенжайлары;
  • әр тараптың уәкілетті лауазымды тұлғаларының қолдары;
  • әр тараптың мөрлері (қажет болған жағдайда);
  • келісу бұрыштамалары.

Даналар саны

Шарт даналарының санын шарт жасасушы тараптар өзара келісім арқылы айқындайды.