Зат өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттығу
Сабақтың мақсаты
- Нұсқаға қарап сурет салу тәсілдерін үйрету.
- Зат өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттықтыру.
- Ұлттық бұйымның қолданылу мақсаты мен тұрмыстағы қызметімен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі
Келі және оның өлшемдерінің пропорциялық қатынасын көрсетуге арналған нұсқа; оқушыларға арналған дәптер; қарындаш; өшіргіш.
Сабақтың кезеңдері
-
1
Нұсқаны орналастыру
Нұсқаны барлығына көрінетін жерге орналастыру.
-
2
Талдау жасау
Нұсқаның өлшемдер қатынасы мен құрылымын талдап, негізгі пропорцияларды анықтау.
-
3
Мәдени мәнін түсіндіру
Келі-келсаптың қазақ халқының тұрмысындағы маңызы мен қолданылу аясын түсіндіру.
-
4
Бейнелеу жолдарын көрсету
Келіні бейнелеу жолдарын кесте арқылы немесе тақтада сызу арқылы кезең-кезеңімен көрсету.
-
5
Оқушылардың практикалық жұмысы
Оқушылардың өз бетімен бейнелеу жұмысы: пропорцияны сақтай отырып келіні салу.
Сабақтың барысы
Келі — қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын бұйымдардың бірі. Пішіні жағынан шелекке немесе кастрөлге ұқсайды.
Келі-келсап дегеніміз не?
Келі-келсап — тары, бидай және басқа да дәнді дақылдарды түйіп, майдалап, ұнтақтауға арналған, қатты ағаштан (кейде темірден) жасалатын құрал.
Ағаш келінің түрлері
- Тақта келі — түбі жайпақ, тегіс келеді. Келсап дәл тиіп, дәнді майдалап, ұнтақтауға қолайлы.
- Шұңғыл келі — түбі ойыс келеді. Көбіне тарыны қаралауға және ақтауға пайдаланылады.
Материалы және жасалу ерекшелігі
Ағаш келіні көбіне қайың, қарағай сияқты қатты ағаштан ойып жасайды. Ал темірден жасалған түрі темір келі деп аталады.
Келсаптың құрылысы
Келінің түйгіш ағашы (немесе темірі) келсап деп аталады. Келсаптың келіге тиетін басы салмақты етіп жасалады, ал қолға ұстауға ыңғайлы болуы үшін тұтқа бөлігі қалыптастырылады.