Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
1 Мезгіл ретінде кейбір жағдайларда сәт (момент), ал басқа жағдайларда уақыт кезеңі деп түсіндіріледі. Цивилистік теорияда мерзімді заңи факт ретінде қарастырады.
Сіздің пікіріңізше, цивилистік және тұрмыстық мерзім ұғымдары қалай ажыратылады. Мерзімдер қандай заңи факт түріне жатады? Азаматтық айналымдағы нақты субъектінің азаматтық құқықты жүзеге асыру кезінде мерзімнің мәні қандай? Мерзімді санаудың тәртібі мен нысаны қандай?
2 Талап мерзімі ұғымы материалдық іс жүргізу мәнінде талап қою құқығына байланысты болады. Өкінішке орай, осы құқықтар мен ұғымдардың байланысы толық зерттелмеген.
Сіздің пікіріңізше, жоғарыда айтылған құқықтардың арасында айырмашылық қандай? Азаматтық құқық қатынасының қатысушыларының қайсысы талап мерзімі институтының болуын қызықтырады. Заңда белгіленген талап мерзімін бөлу немесе талап мерзімін тоқтату қалай ажыратылады? Талап мерзімінің қайсысы ұсынуға міндетті болады?
Мәмілені (даулы және жойылған) етіп тану талап мерзіміне ұқсас па? Өздерінің қорытындыларын дәлелдеңдер.
3 Сіздің ойыңызша төменде көрсетілген қайнар көздердің қайсысы мәміленің мерзімін анықтаудың тәртібін белгілейді:
— Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
— Қазақстан Республикасының Көлік кодексі;
— Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
— Азаматтық-құқықтық шарт;
— Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
— Қазақстан Республикасының Кеден кодексі.
4 Талап мерзімі ретінде тұлғаның бұзылған құқығын қалпына келтіру туралы талап – арыз үшін белгіленген мерзім болады. Ол материалды ұғым.
Қалай ойлайсыздар, жоғарыда көрсетілген құқықтар мен мерзімдердің қандай айырмашылығы бар? Сіздің пікіріңіз бойынша талаптың ескіру институтының жүзеге асуына, азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының қайсысы мүдделі?
4жыл өткеннен кейін Канададан оралған профессор П.А.Наждановтардың отбасы, пәтерінен 1897 жылы жасалынған Карно фирмасының үстел шамының, сонымен қатар басқа да ескі заттарының жоғалғандығын білді. Үш жарым жыл өткеннен кейін бөлімше дәрігері болып жұмыс істейтін профессордың әйелі өзінің емделушісі В.Мишинаның пәтерінен өзінің стол шамын көреді. Ол жоғалған шымын қайтарып алу жөнінде сотқа Мишинаға қатысты талап қоюға шешім қабылдайды. Мишинаның айтуы бойынша шамды ол ескі заттар дүкенінен сатып алғанын айтады.
Осы жағдайлар жөнінде таныстарынан кеңес сұрағанда да, оларға талап мерзімінің өтіп кеткенін айтады. Аталған іс бойынша талап мерзімі қай уақыттан басталған? Меншік иесінің затын меншік иесі емес уақыттан қайтарып алуына талап елігінң талаптары қолданылуы мүмкін ба?
Азаматтық құқық субъектілерінің қандай талаптары бойынша талап ескіруінің арнайы мерзімдері қалыптасады. Мысал келтіріңіз. Кейбір мемлекеттерде бұл мерзімдер ұзақтау болады, оның себебі неде? Сіз қалай ойлайсыз?
Төменде көрсетілген оқиғалардың қайсысы талаптың ескіру мерзімін қалпына келтіруге мүмкіндік береді:
1) Борышкердің ауруханада болуы;
2) Несие берушінің психикалық ауруы;
3) Борышкердің сауатсықдығы;
4) Несие берушінің тұрғылықты мекен – жайында шет елге кетуіне байланысты көп уақыт болмауы.
Егер уақытты алу себепті болса, талаптың ескіру мерзімі қалай болады?
Икон сатып алған Т.Сидрова мен В.Володин сатушыға жарты ақшасын береді, қалғанын бір аптадан кейін беруге уәделеседі. Бірақ аталған ақшаны 4 жыл өткеннен кейін береді. Есеп айырысу қаржы инфляциясына және уақытында ақшаны төлемегені үшін пайызды алумен байланысты болады. Бір апта өткенен кейін ол талап мерзімінің өшіп кеткендігін, оны қайтарып ала алмайтындығын біледі.
Өзінің құқықтық сауатсыздығына байланысты Володин төленген төлемді сот тәртібі арқылы қайтарып алу құқығының мүмкіндігі бар ма?
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлері
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Отбасы құқығы пәні
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары
Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының физикалық-географиялық астарлары
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі