Уран өндірудің әдістері
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- 1. Қазақстандағы уран өндіріс орындары
- 2. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы
- 2.1. Уран өндіру әдістері
- 2.2. Компанияның экологияға көзқарасы
- 2.3. Компанияның қазіргі деңгейге жету жолы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Ескерту
Курстық жұмыс: 22 бет
Кіріспе
Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын айқындады: елімізде өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорындарға көшу, халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру және тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе құру.
Осы міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық өнімнің шетел нарықтарына шығуын кеңейту мәселелері өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуге әрі қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін енгізуге назар аудартты.
Негізгі ұғым
Нарық шаруашылығының негізгі элементтерінің бірі — менеджмент.
Менеджмент — нақты мақсатқа жету үшін кәсіпорын қызметін басқару мен ұйымдастыруға байланысты адамдардың қызмет түрі.
Өндірістік менеджмент — өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыруға бағытталған, өндіріс тиімділігін арттыру және пайданы барынша көбейту мақсатында әзірленіп, қолданылатын басқару қағидаларының, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы.
Өндіріс — қоғамның өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалдық өнімдерді шығаратын үдеріс. Қазіргі кезеңде өндіріс ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін, соның ішінде автоматтандыруды енгізу арқылы дамуда.