Шолаққорған ауылы
Жалпы мәлімет
Созақ ауданы — облыстың солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауданы 41,0 мың км², бұл облыс аумағының 35,0%-ын құрайды. Халқы — 50,0 мың адам.
Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кентке (Қыземшек, Таукент) және 10 ауылдық округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы — Шолаққорған ауылы.
Тарихы
Аудан 1928 жылдың қаңтарында Теріскейді мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды.
Жер бедері және табиғи нысандар
Жер бедері
Аумағының басым бөлігін тасты-құмды шөлейт жазықтар алып жатыр: Бетпақдала және Мойынқұм.
Таулы аймақ
Оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Қаратау жотасы созылып жатыр. Ең биік нүктесі — Бессаз (Мыңжылқы), 2176 м.
Ойыстар мен сорлар
Солтүстік-батысында Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры бар. Орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы мен сорлы жерлер кездеседі.
Өзен-көлдер
Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ сияқты шағын өзендер бастау алады. Қызылкөл, Ақжайқын, Айдын және өзге де көлдері бар.
Климат
Сипаты
Климат тым континенттік: қысы солтүстікте суық, оңтүстікте біршама жұмсақ; жазы ыстық, қуаң әрі аңызақты.
Температура
- Қаңтар: −7…−12°C
- Шілде: 24…27°C
Жауын-шашын
Жылдық орташа мөлшері 150–250 мм.
Топырақ, өсімдіктер және жануарлар дүниесі
Топырақ
Жерінің басым бөлігі сұр топырақты. Сонымен қатар сор, сортаң және құмды алқаптар кең таралған.
Өсімдіктер
Шөлейтте жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл өседі. Таулы өңірлерде киікоты, тобылғы, қызылқайың кездеседі.
Жануарлар
Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, сондай-ақ бауырымен жорғалаушылар мекендейді.
Пайдалы қазбалар және өнеркәсіп
Ауданда уран кентасы мен таскөмір өндіріледі. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы тау-кен өндірісінің негізгі бөлігін қамтамасыз етіп, жалпы көлемнің 87,5%-ын өндіреді.
Құрылған нысандар
329
Өнеркәсіп
8
Агроқұрылым
321
Халық және қоныстану
Ұлттық құрамы
- Қазақтар — 90,7%
- Өзбектер — 6,4%
- Орыстар — 2,0%
- Басқа ұлт өкілдері — қалған бөлігі
Орналасу тығыздығы
1 км² жерге орта есеппен 1,2 адам келеді.
Ірі елді мекендер
| Елді мекен | Халық саны (мың) |
|---|---|
| Шолаққорған | 8,9 |
| Созақ | 4,1 |
| Теріскей | 4,0 |
| Таукент | 3,5 |
| Қыземшек | 2,6 |
| Шақырық | 2,3 |
| Қарақұр | 2,2 |
| Құмкент | 2,0 |
Ауыл шаруашылығы
Бұрын ауылдық жерде қаракөл қойын, түйе мен жылқыны, биязы жүнді қойды, етті-сүтті ірі қараны өсіруге және астық өндіруге маманданған 10 кеңшар жұмыс істеді.
Ауыл шаруашылығының жетекші бағыты — ет өндірісі (ауыл шаруашылығы өнімінің 58,8%-ы) және сүт өндірісі (17,2%).
Ірі қара
3,2%
Қой мен ешкі
9,6%
Қаракөл қойы
24,7%
Жылқы
5,8%
Түйе
50,1%
Құс
2,1%
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
Әлеуметтік инфрақұрылым
- 40-тан астам жалпы білім беретін мектеп
- Кәсіптік-техникалық мектеп
- Музыка және спорт мектептері
- Кітапханалар, аудандық мәдениет үйі, халық театры, клубтар
Медициналық қызмет
- Аудандық аурухана және емхана
- Туберкулез диспансері
- Фельдшерлік-акушерлік пункттер
Көлік және байланыс жолдары
Аудан аумағы арқылы Шымкент—Шолаққорған, Шолаққорған—Түркістан, Шолаққорған—Жуантөбе автомобиль жолдары өтеді.