Қуат күшейткіштері
Мазмұны
Кіріспе
Электрлік сигналдарды күшейту ұғымы, күшейткіштердің атқаратын қызметі және олардың қолданылу аясы.
І. Жалпы бөлім
- 1.1 Күшейткіштің түрлері
- 1.2 Қуат күшейткіштері
- 1.3 Операциялық күшейткіштер
- 1.4 Операциялық күшейткіштің қасиеттері
- 1.5 Операциялық күшейткіштегі бірвибратор
ІІ. Негізгі бөлім
- 2.1 Мультивибраторлар
- 2.2 Операциялық күшейткіштегі симметриялық мультивибраторлар
- 2.3 Транзисторлы мультивибратор
- 2.4 Қосымша
- 2.5 Қазіргі замандағы операциялық күшейткіштер
Қорытынды және әдебиеттер
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Курстық жұмыс: 26 бет
Кіріспе
Ғылым мен техникада жиі кездесетін инженерлік мәселелерді шешуде, электрлік емес шамаларды электрлік шамаларға түрлендіріп өлшеуде, технологиялық процестерді бақылап автоматтандыруда, сондай-ақ әртүрлі өнеркәсіптік электроника құрылғыларын әзірлеуде электрлік сигналдарды күшейту кеңінен қолданылады. Бұл мақсатта биполярлық транзисторлар, өрістік транзисторлар және интегралдық микросхемалар пайдаланылады.
Мұндай күшейткіштер өте әлсіз электрлік сигналдарды да арттыра алады: кернеуі шамамен 10-7 В, тогы шамамен 10-14 А. Транзистор арқылы аса үлкен күшейтуге жету үшін бірнеше күшейткіш каскад қолданылады. Бір транзистордан (немесе күшейткіш элементтен) және оған қатысты байланыс элементтерінен тұратын күшейткіш каскад деп аталады.
Күшейту процесі — қоректену көзінің энергиясын сыртқы кіріс сигналдың энергиясына түрлендіру. Бұл процесс күшейткіш элементіне (транзисторға) әсер ететін кіру сигналымен басқарылады. Шығыс сигнал кіріс сигналдың функциясы болып табылады, ал шығыс сигналының қуаты қоректену көзінің есебінен кіріс сигнал қуатынан едәуір жоғары болады.
Негізгі анықтама
Электрондық күшейткіш — электрлік сигналдардың формасын өзгертпей, қоректену көзінің энергиясы есебінен олардың қуатын ұлғайтып, күшейтетін құрылғы.
Транзисторлық күшейткіштің «электрондық» деп аталуының себебі — транзистордың жұмыс істеу принципі жартылайөткізгіште жүретін электрондық процестермен анықталады.
Күшейткіштің кірісіне электр қозғаушы күштің (ЭҚК) әсерлік мәні er, ішкі кедергісі Rr болатын сигнал көзі қосылады. Кіші қуатты кіріс сигнал қоректену көзінің жоғары энергиясын пайдалану арқылы күшейтіледі. Шығыс тізбегінде күшейтілген сигнал әрекет етеді, ал оның деңгейі кернеу бойынша күшейту коэффициентімен сипатталады.
Күшейткіштерді жіктеу
Сигнал түріне қарай
Гармоникалық сигналдардың күшейткіштері
Әртүрлі амплитудадағы және формадағы гармоникалық және квазигармоникалық (периодтық) сигналдарды күшейтуге арналған. Бұған микрофондық және трансляциялық күшейткіштер жатады.
Импульстік сигналдардың күшейткіштері
Әртүрлі амплитудадағы және формадағы периодтық және периодтық емес импульстік сигналдарды күшейтеді. Мұндай күшейткіштер байланыс жүйелерінде, теледидардың бейнелеу арналарында, импульстік радиолокацияда, электрондық есептеу техникасында, реттеу және басқару жүйелерінде кең қолданылады.
Жиілік жолағына қарай
Күшейтілетін жиіліктердің абсолюттік мәндеріне және жиілік жолағының еніне (диапазонына) байланысты күшейткіштер бірнеше топқа бөлінеді.
-
Тұрақты ток күшейткіштері
Төменгі жиіліктен бастап жоғары жиілікке дейінгі (кГц-ке дейін) жиілік жолағында электрлік сигналдарды күшейтуге арналған.
-
Төменгі жиілік күшейткіштері
Гц-тен кГц-ке дейінгі жиілік жолағындағы айнымалы ток сигналдарын күшейтеді.
-
Жоғары жиілік күшейткіштері
кГц-тен МГц-ке дейінгі жиілік жолағындағы сигналдарды күшейтуге арналған.
-
Кең жолақты және импульстік күшейткіштер
Бірнеше кГц-тен бірнеше МГц-ке дейінгі кең жиілік жолағында жұмыс істейді.