Салыстырмалы салаластар

Себептес (себеп–салдар) салалас құрмалас

Компоненттерінің бірінде іс-оқиғаның себебі, екіншісінде салдары баяндалатын салалас түрі себептес (себеп–салдар) салалас деп аталады.

Жалғаулықтарға қарай мағынаның ауысуы

сондықтан, сол себепті

Алғашқы компонентте себеп, соңғы компонентте салдар беріледі.

өйткені, себебі

Алғашқы компонентте салдар, соңғы компонентте себеп баяндалады.

Қоғаммен тығыз байланыстағы адам және оның әрекеті белгілі бір философиялық заңдылықтарға сүйенетіні мәлім. Диалектиканың негізгі категорияларының бірі — себеп–салдарлық. Себеп–салдарлық байланыс объективті әлемдегі өзара байланысты құбылыстардың бірі ғана емес, сонымен бірге құбылыстар арасындағы көпжақты байланыстың негізі болып саналады.

Жалғаулықты себеп–салдар салалас құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері айқын болғандықтан, тіл білімінде оған қатысты аса күрделі мәселе бар деуге болмайды. Әдетте жалғаулықтар екінші компоненттің құрамында келеді.

Құрылымдық түсіндірме

  • Егер сөйлем сондықтан, сол себепті арқылы байланысса, алдыңғы компонент кейінгі компонентте болған/болып жатқан/болатын іс-сапаның себебін білдіреді.
  • Егер сөйлем себебі, өйткені арқылы байланысса, соңғы компонент алдыңғы компонентте болған/болып жатқан/болатын іс-сапаның себебін білдіреді.

Шартты салалас

Кезінде Қ. Жұбанов шарт-жағдай салалас деп атаған шартты салаластарда компоненттердің мағыналары өзара шарттас болып келеді. Негізгі жалғаулықтары: әйтпесе, болмаса.

Ескерту

Шартты салаластың жалғаулықсыз түріне жалғаулықты еркін қосып, бір жалғаулықтың орнына екіншісін орынсыз алмастыра беруге болмайды. Алғашқы компоненттің баяндауышы көбіне етістіктің бұйрық райынан жасалады.

Диалектика категориялары тұрғысынан қарасақ, шарт категориясы себеп категориясымен тығыз байланысты. Ғалымдар себеп пен шарт категорияларының қарым-қатынасы диалектикалық сипатта болатынын, шарттың себеп болу, себептің шарт болу мүмкіндігі мол екенін, ал себептің өзі әрқашан белгілі бір дәрежедегі шарт екенін айтады.

Мағыналық қатынастар

  1. 1 Шарт — орындалатын нәтиже.
  2. 2 Шарт — орындалмаған нәтиже (қимыл-әрекет).
  3. 3 Шарт — орындалуы/орындалмауы белгісіз нәтиже (қимыл-әрекет).

Бұл мағыналық қатынастар барлық тілдерде кездеседі. Осыған байланысты шарт мәнді сөйлемдер, соның ішінде шартты бағыныңқылар, мағыналық тұрғыдан кейбір зерттеулерде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) бөлінсе, енді бір еңбектерде екіге (реалды, ирреалды) жіктеледі.

Мысалдар

  • Сен келісім бер, әйтпесе басқамен сөйлесемін.

    Реалды шартты салалас

  • Сен келісім бер, әйтпесе мен саған жоқпын.

    Ирреалды шартты салалас

  • Сен келісім бер, әйтпесе менің кетіп қалуым да мүмкін.

    Болжалды шартты салалас

Салыстырмалы салалас

Тілімізде салыстырудың екі түрі бар: біріншісі — екі заттың сапасын салыстыру (Бетегеден биік, жусаннан аласа және т.б.); екіншісі — зат сапасын белгілі бір қалыптасқан сапа дәрежесімен салыстыру (көкшіл, жастау және т.б.). Ғалымдар алғашқы түрін нақты компоративтер, ал екіншісін интенсивтер деп атайды.

Құрмалас сөйлемдегі салыстыру мәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Салыстырмалы мәндегі құрмаластарда антитеза немесе аналогия ретінде алынған екі түрлі субъектінің қасиеті, іс-әрекеті, жай-күйі суреттеледі.

Антитезаға құрылған мысал

Құлаққа жағар дәмді сөз бар да, құлақты сарсытар татымсыз сөз бар. (М. Иманжанов)

Ортақ/әртүрлі салыстыру заты

Мұнда салыстыру заты ортақ та болуы мүмкін, не салыстыру үшін екі бөлек зат алынуы мүмкін:

Қарағайға қарап тал өсер, ал қатарына қарап бала өсер.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}