1920 жылы Павлодарда коммунист жұмыскер отбасында дүниеге келеді

Балалық шағы мен алғашқы қадамдары

Спартак Иосифович Маковский 1920 жылы Павлодарда коммунист жұмыскер отбасында дүниеге келді. Ұлты — украин, КОКП мүшесі. 1936 жылы Запорожье қаласында аяқталмаған орта мектепті тәмамдағаннан кейін «Спартак» «Запорожсталь» зауытына оқушы электрик болып орналасып, қатарынан жергілікті аэроклубта оқыды.

Ұшқыш ретінде қалыптасуы

1937 жылы Спартак Маковский Качин ұшқыштар мектебіне қабылданып, 1939 жылы оны ойдағыдай бітірді. Ұшқыш Маковский үш жылдан астам Қиыр Шығыста қызмет атқарып, 1943 жылғы 19 сәуірден бастап фашист басқыншыларына қарсы ұрыстарға қатыса бастады.

Майдандағы алғашқы шайқастар

278-истребитель авиация дивизиясының 43-истребитель авиация полкінде эскадрилья командирі болған лейтенант Маковский 1943 жылдың 19 сәуірінде Белгород ауданы маңындағы майданға келіп жетті.

Новороссийск ауданындағы ұрыс

Соғыстың алғашқы кезеңдерінде ол төрт истребительден тұратын топпен бірге Новороссийск ауданында біздің штурмовиктерге жолсерік болып ұшты. Алайда күтпеген жерден Ме-109 истребительдерінің шабуылына тап болды. Лейтенант Маковский батыл қарсы шығып, жау ұшағының бірін атып түсірді.

Көрсеткен ерлігі үшін С.И. Маковский І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

Елге танылған әуе айқасы

Маковскийдің келесі бір әуедегі ұрысы бүкіл елге танымал болды. 1943 жылғы 8 мамыр күні эскадрилья командирі Маковский басқарған алты «Яков» Крымская станциясы ауданында жердегі әскерлерді әуеден қорғау тапсырмасын орындап жүрді.

Жалғыз қалған сәт және шешуші маневр

Бір топ «мессершмитт» пайда болған сәтте біздің истребительдер оларға бірден шабуыл жасады. Қас-қағым уақытта командир жалғыз қалып қояды. Артына жалт қарағанда, бір Ме-109 өзінің ұшағын өкшелеп келе жатқанын көреді.

Маковский тәуекелге бел байлап, ұшағын шырқ айналдырып, жауға қасқая қарсы ұшты. Нәтижесінде Ме-109 әуеде аударылып, төмен қарай құлдилай жөнелді.

Кеңес ақпарат бюросының хабарламасы

1944 жылғы 4 қаңтарда Кеңес ақпарат бюросы төмендегідей хабарлайды: аға лейтенант Маковский басқарған ұшқыштар тобы жау аэродромдарының біріне шабуыл жасаған кезде жаудың истребительдерімен кездеседі. Кескілескен әуе ұрысында жаудың төрт ұшағы құлатылды.

Жолдасын тастамаған ерлік

Шабуыл үстінде ұшқыш Кузнецовтың ұшағы зенит артиллериясының оғына ұшырап, ол ұшағын жау аумағына қондыруға мәжбүр болады. Кеңес ұшқыштары жолдасын далаға тастаған жоқ: топ командирі оққа ұшыраған ұшақтың қасына қонып, оны жағып жіберуге көмектесті де, Кузнецовты аман-есен аэродромға алып ұшты.

Кеңес Одағының Батыры

Осындай ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша Спартак Иосифович Маковскийге 1944 жылғы 13 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Майдандық ұшулар
216 рет
Әуе ұрыстары
76 рет
Жойылған ұшақтар
30 (жеке) + 7 (топта)

Соғыстан кейінгі өмірі

Соғыс аяқталған соң С.И. Маковский истребитель авиациясында қызметін жалғастырды. 1958 жылы подполковник Маковский ауыр науқасына байланысты запасқа шығарылып, кейін Запорожьеде өмір сүріп, еңбек етті.