Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік кұқықтык актілері
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласында өкілетті органдар қабылдаған, қажетті жағдайларда қолданылатын нормативтік нұсқаулар бекітілген құқықтық актілерді айтамыз.
Еңбек заңнамасына кіретін негізгі актілер
- ҚР Конституциясы — еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң. Еңбек туралы барлық нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сәйкес келуге тиіс.
- Еңбек кодексі және соған сәйкес қабылданған заңдар.
- ҚР Президентінің жарлықтары.
- ҚР Үкіметінің қаулылары.
- ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары.
- ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары.
- Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілері.
- Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері.
- Локальды (жергілікті) нормативтік актілер.
- Жұмыс берушінің актілері.
Нормативтік актілердің күшіне ену тәртібі (уақыт бойынша)
Нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену мерзімі, әдетте, актінің өзінде көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, төмендегі жалпы ережелер қолданылады.
Жалпы ереже
ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулылары — егер актінің өзінде күшіне ену уақыты көрсетілмесе, ресми жарияланған сәттен бастап он күн өткен соң заңды күшіне енеді.
ҚР Парламентінің қаулылары
Егер актіде өзгеше көзделмесе, ресми жарияланған алғашқы күннен бастап заңды күшіне енеді.
ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары
Қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Орталық және жергілікті органдардың актілері
Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін органдардың (оның ішінде ҚР Жоғарғы Соты, Ұлттық банк, жергілікті өкілді және атқарушы органдар) нормативтік құқықтық актілері — егер өзгеше көрсетілмесе, ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң заңды күшіне енеді.
Актілердің қолданылу шегі (кеңістік бойынша)
ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерінің күші, әдетте, бүкіл республика аумағына таралады.
Республика аумағы ұғымы
- Мемлекет егемендігіндегі құрлық жер.
- Аумақтық сулар және ішкі сулар.
- Әуе кеңістігі.
- Қазақстанның дипломатиялық елшіліктері мен өкілдіктерінің аумақтары.
- Қазақстанның әуе және су кемелері.
Жергілікті актілердің аумақтық күші
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің заңды күші тиісті аумаққа ғана таралады.
Локальды қайнар көздердің қолданылу шегі
Еңбек құқығының локальды (жергілікті) қайнар көздерінің күші ұйымның, мекеменің, ұжымның аумағына, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің аумағына ғана таралады.
Әлеуметтік әріптестік туралы бас келісім
Әлеуметтік әріптестік туралы бас келісім бүкіл республика аумағында қолданылады.