Күйтабақтан құйқылжын құс үніне көңіл аудартып
Мақсаты
Балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу, адамның тек еңбек арқылы ғана үлкен жетістіктерге жететінін ұғындыру. Зерек, ұқыпты, білімді болу әркімнің өзіне байланысты екенін түсіндіру.
Сабақта алған білім деңгейін сұрақ-жауап арқылы анықтап, балаларды байланыстыра сөйлеуге және өз ойын жүйелі жеткізуге баулу.
Көрнекі құралдар
- Құстардың суреттері
- Қағаз
- Желім
- Қарындаш
Сабақтың барысы
Кіріспе
Күйтабақтан құйқылжын құстың үнін тыңдатып, балалардың назарын аудару.
Сұрақ-жауап
Мұғалім
«Мына ән салып тұрған қандай құс?»
Балалар
«Бұлбұл».