Армысың достарым
Сабақтың мақсаты
- Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсінік беру және өзін-өзі тани білу дағдыларын дамыту.
- Жақсы істер жасауға баулу: тіл алу, тыңдай білу, әдептілік туралы түсініктерді кеңейту.
- Ұқыптылық пен жақсылық ұғымдарының адамгершілік құндылықтардағы мәнін ашу.
- Өзін-өзі сүйе білу түсінігін қалыптастырып, өзара қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сәлемдесу
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, туған жер!
Армысың, достарым!
Армысың, қонақтар!
Қош келдіңіздер бізге!
Шаттық шеңбері
Жамандықтан бойым жиренгенім,
Көңілді шат-шадыман күйге ендім.
Бұл — менің мақтанышпен айтатыным:
Өзін-өзі танудан үйренгенім.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналамын түбі мен.
Әңгіме бастау
Тәрбиеші
Балалар, бүгін «Өзін-өзі тану» ұйымдастырылған іс-әрекетімізде «Өз-өзімді сүйемін» тақырыбы туралы әңгімелесеміз.
Негізгі ой
Әр адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін танып, соны қадірлей білсе — өзін сыйлайды, өзін сүйеді.
«Күн» кейіпкерінің тілегі
Күн
Бар жақсылық — жақсы адамның жолында.
Жаман болып тумайды ешкім анадан.
Жаман адам қайдан шыққан соңында?
Соны ойла да, өзіңе-өзің есеп бер.
Көктем — өмір, көгерер бәйшешектер.
Екі жол бар жағаласып жататын:
Жақсылыққа апаратын жетекке ер.
Диалог
Тәрбиеші:
Күн, тілегіңе көп рақмет! Балалар саған өздерін не үшін сүйетінін айтып бергісі келеді. Ал сен өзіңді сүйесің бе?
Күн:
Иә, мен өзімді сүйемін. Өйткені мен үлкенмін, жарықпын, жылы әрі өте ыстықпын. Балалардың өсіп-жетілуіне, бақшаның гүлденуіне және жердің жылынуына көмектесетінім үшін өзімді сүйемін.
Тәрбиеші:
Әр адам өз қасиеттерін ескере отырып, өзін сүйе білуі керек. Ендеше, жақсы қасиеттер туралы өлеңдерді тыңдайық.
Балалардың ой-толғауы
1-бала
Жақсы болу — өзіңнен,
Жаман болу — өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал.
Өзіңсің — ақыл айнасы,
Тиеді саған мәні бар.
Өзіңді тану пайдасы —
Жақынды, досты аяла.
2-бала
Өмірдің жинап керегін,
Керек болса — керегім.
Қол ұшымды беремін
Адал туған Отанға.
Ұлы болсам деп едім,
Сол үшін өзімді сүйемін.
3-бала
Ақиқатқа жүгінем,
Адалдықты ардақтап,
Жалғандықтан түңілем.
Үлкендердің ақылын
Ақ бата деп ұғынам,
Сол үшін өзімді сүйемін.
4-бала
Шынын айтқан кішінің
Пәктігіне қызығам.
Өтірік айтып өрекпіп,
Жамандыққа бармайық.
Сондықтан өзімді сүйемін.
Ойын: «Айна»
Балалар айнаға қарап, өздерін не үшін жақсы көретінін айтады: бойындағы жақсы қасиеттерін атап, өзіне құрметпен қарайды.
Күннің қорытынды сөзі: Сендер өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді тани алады екенсіңдер. Әрдайым өздеріңді сыйлап, жақсы көре білуді ұмытпаңдар.
Сергіту сәті
Өмір деген — қымбат екен, достарым,
Өмір — менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір — менің сарқылмайтын дастаным.
Мен — өмірді зерттеуші жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Тыныштық сәті
Балалар, орындарыңа емін-еркін жайғаса отырыңдар.
Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныстаңдар.
Жүрегіміз мейірімге толы. Тек жақсы істерді ойлаймыз.
Бойымыздағы жақсы қасиеттеріміз арқылы өзімізді құрметтейміз.
Енді көздеріңді ашыңдар.
Түйін
Өзін құрметтеу — ішкі мейірімнен, жақсы ойдан және дұрыс әдеттерден басталады.
Көрініс: «Кірқожалақтың келуі»
Баланың сөзі
Мынау бала — беті қара,
Кірқожалақ қап-қара.
Шашы өскен, тырнағы көптен,
Алынбапты — масқара!
— Сен кімсің?
Кірқожалақ
Кім екенімді табыңдар!
Жуынуды ұнатпаймын, сабынмен дос емеспін.
Лас болып жүргенді ұнатамын, сондықтан мен — Кірқожалақпын!
Әңгіме өрбуі
Тәрбиеші:
Сен бізге неге келдің?
Кірқожалақ:
Өзіме дос іздеп келдім. Бұл балалардың арасында кірқожалақтар бар шығар?
Тәрбиеші:
Біз тазалықты сүймейтін және өзін жақсы көрмейтіндермен дос болмаймыз.
Кірқожалақ:
Мені қумаңдаршы, өтінемін. Өзін жақсы көретін бала қандай болуы керек?
Тәрбиеші:
Балалар, Кірқожалаққа айтып беріңдерші: өзін жақсы көретін бала қандай болуы керек?
Балалардың жауабы: тазалық әдеттері
- Таңертең жаттығу жасаймыз.
- Тісімізді тазалаймыз.
- Бет-қолымызды жуамыз, шомыламыз.
- Таза киім киеміз.
- Аяқкиімді сүртіп киеміз.
- Ұқыпты, тәртіпті болуға тырысамыз.
Тәрбиеші
Көрдің бе, Кірқожалақ? Біздің балалар өзін таза ұстайды, тәртіпті, ұқыпты. Сондықтан олар өздерін жақсы көреді.
Біз жай балалар емеспіз — біз сиқыршымыз. Қане, Кірқожалақты тазалыққа «сиқырлайық»!
1, 2, 3 — таза бол!
Кірқожалақ
Рақмет, достар! Мен енді таза болып жүремін. Өзімді жақсы көремін.
Кейіпкер қоштасады.
Ойын: «Мен жақсы көремін»
Балалар кезекпен не нәрсені жақсы көретінін айтады: табиғатты, ауылды, отбасын, гүлді, балабақшасын.
Қорытынды
Өзін-өзі жақсы көру — жақсы қасиеттерге ұмтылу. Таза әрі ұқыпты жүру. Достарын, туған-туысын сыйлау және жақсылық жасау. Осындай әрекеттер арқылы ғана біз өзімізді құрметтейміз және өз-өзімізді сүйеміз.
Жүректен жүрекке
Өз-өзімді сүйемін — сізге де соны тілеймін!