Оқуды бастау жасы - 6 жас
Бастауыш білім беру туралы қысқаша мәлімет
Бастауыш мектеп кезеңі баланың тұлғалық дамуы мен оқу дағдыларының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Бұл кезеңде оқушының өз бетінше білім алуға ынтасы күшейіп, танымдық міндеттерді шешу, қарым-қатынас жасау және оқу әрекетін ұйымдастыру қабілеттері жүйелі түрде дамиды.
Оқуды бастау жасы
6 жас
Оқу мерзімі
4 жыл
Негізгі бағыт
Тұлғалық даму
Негізгі міндеті
Негізгі міндет — баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта оқушының:
-
Өз бетінше білім алу қабілеті дамытылады.
-
Алған білімін танымдық есептерді шешуде қолдану дағдысы қалыптастырылады.
-
Коммуникативтік іскерліктер жүйелі түрде жетілдіріледі.
-
Оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен оқу дағдылары қалыптастырылады.