Есімше
Есімше туралы жалпы байқаулар
Көне түркілік кезең мен ортағасырлық дәуір деректерін қазіргі тіл фактілерімен салыстыра қарағанда, есімше мәнінде қолданылған есімше формалары анағұрлым көп болғаны байқалады.
Есімше әрі есімдік қабілетін сақтай отырып, әрі етістіктің семантикасы мен шақты білдіру қасиетін иеленіп, бірте-бірте қазіргі тілдегі дербес грамматикалық категория ретінде қалыптасты.
Адъективацияланған есімше формалары
Қазақ тіліндегі есімше категориясын арнайы зерттеп, еңбек жазған Т. Ерғалиев (1958) қазіргі қазақ тілінде түпкілікті немесе толық адъективацияланған есімше формалары ретінде төмендегі қосымшаларды көрсетеді.
-аған / -еген
Мысалдар: қашаған, тебеген, алаған.
-ғалақ / -гелек
Мысалдар: ұшқалақ, жаңғалақ, сасқалақ.
-шақ / -шек
Мысалдар: еріншек, сүріншек, ұрыншақ.
-ғыш / -гіш
Мысалдар: білгіш, сезгіш, сенгіш.
-мыш / -міш, -мыс / -міс
Мысалдар: алдамыш, әлеміш, жасамыс.
-геш
Мысал: күлегеш.
Сөзжасам мәселелерін зерттеуші Ж. Сарбалаев та бұл пікірді қуаттайды.
Шақтық мағына және зерттеушілер көзқарасы
Есімшеге қатысты зерттеушілер еңбектерін Ы. Мамановтың пікірлерімен салыстыра келгенде, етістіктің есімше формаларын шақтық-мағыналық тұрғыдан ажыратуы қазіргі қазақ грамматикасындағы көзқарастармен сәйкес келетіні аңғарылады.
-ушы / -уші қосымшасы
Ғалымның -ушы, -уші қосымшасын осы шаққа жатқызуын дұрыс деп есептейміз. Өйткені қандай контексте, қандай мағынада жұмсалса да, іс-әрекеттің дәл осы уақытта жасалып жатқандығы байқалады.
Семантикалық реңктер: салыстыру және мөлшер
Есімшенің салыстыру мен мөлшер мағыналарындағы семантикалық реңктері кей жағдайда функционалды-семантикалық өрістер арқылы беріледі. Төмендегі сөйлемдер осыны көрсетеді:
- Мысал: Дастарханда нанның бір жейтіндейі қалды.
- Мысал: Шелектің түбінде қол шаятындай су қалды.