CREDO кешенің қолданып ақпараттарды өңдеуі
Қазақша реферат
1. Бағдарламалық кешен туралы жалпы түсінік
2. Бағдарламалық кешеннің негізгі функциялары
Бағдарламалық кешен туралы жалпы түсінік
CREDO бағдарламалық кешенінің өнімдері 1989 жылдан бастап «Кредо-Диалог» (Беларусь Республикасы, Минск қ.) ғылыми-өндірістік бірлестігі тарапынан әзірленіп, таратылып келеді.
Даму барысында кешен жаңа құрылыс жобалау мен көлік жолдарын қайта салудан бастап, инженерлік іздестіру нәтижелерін автоматтандырылған түрде камералдық өңдеуді қамтамасыз етуге, әртүрлі геоақпараттық жүйелерге (ГАЖ) арналған деректерді дайындауға және көлік жолдары, өнеркәсіптік әрі азаматтық құрылыс объектілерін автоматтандырылған жобалауға дейінгі көпфункциялы жүйеге айналды.
Қазіргі уақытта CREDO кешені бірнеше ірі жүйелерден және көптеген қосымша мақсаттағы модульдерден тұрады. Әр жүйе белгілі бір саладағы ақпаратты өңдеуді автоматтандырып қана қоймай, аумақтың бастапқы жағдайын және жобаланатын объектінің жобалық шешімдерін бейнелейтін біріккен ақпараттық ортаға деректерді енгізе алады.
«CREDO-технология» ұғымы
CREDO кешені арқылы ақпаратты өңдеу тәжірибесі «CREDO-технология» деп аталады. Оның негізгі артықшылығы — әртүрлі мамандар арасында деректер алмасуды ұйымдастыру.
- Жобалау немесе инженерлік іздестірудің кез келген кезеңінде барлық объектілер бойынша мәліметтерді қарауға мүмкіндік береді.
- Объектіні құру үдерісінде қолданылатын басқа бағдарламалық өнімдермен бірге пайдалануға жағдай жасайды.
Бағдарламалық кешеннің негізгі функциялары
Іздестіру деректерін өңдеу
- Инженерлік-геодезиялық және топографиялық іздестіруді камералдық өңдеу.
- Геофизикалық іздестіру кезіндегі геодезиялық мәліметтерді өңдеу.
- Жергілікті жердің сандық моделін құруға арналған мәліметтерді дайындау.
Сандық модельдер
- Іздестіру және қолда бар деректер негізінде инженерлік мақсаттағы жер бедерінің сандық моделін құру және түзету енгізу.
- Геологиялық құрылымдардың алаңдары немесе жолақтарының сандық моделін құру және түзету енгізу.
Жобалау және есептеу
- Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік инфрақұрылымы объектілерінің бас жоспарын (генплан) жобалау.
- Тік жоспарлауды жобалау.
- Жобаланатын объект бойынша жер жұмыстары көлемін есептеу.
Көлік және құрылыс
- Көлік ғимараттары мен құрылыстарын жобалау.
- Жаңа құрылыстарды жобалау және көлік жолдарын қайта жаңғырту (реконструкция).
- Құрылыс жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ету.
Ұсынылатын әдебиеттер
-
1. Қалабаев Н.Б. ГИС и основы цифрового картографирования. Алматы, 2001.
-
2. Халугин Е.И., Жалковский Е.А., Жданов Н.Д. Цифровые карты. М.: Недра, 1992. 419 б.
-
3. Лисицкий Д.В. Основные принципы цифрового картографирования местности. М.: Недра, 1988. 261 б.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
Әдебиеттер: [1, 2, 3]
1. CREDO DAT 3.0 — Инженерлік геодезия
- Мақсаты.
- Негізгі функциялары.
- Қолдану аймақтары.
- Жүйенің артықшылықтары.
2. CREDO TER — Жергілікті жердің сандық моделі
- Мақсаты.
- Негізгі функциялары.
- Қолдану аймақтары.
- Жүйенің ерекшеліктері.