Ұқпасқа айтқан сөз жетім, Көре алмаған көз жетім
Төле Әлібекұлы туралы
Төле Әлібекұлы (1663–1756) қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би — Ұлы жүздің биі.
Ол жастайынан дәстүрлі үлгіде білім алып, сауатын ашады. Араб және парсы тілдеріндегі тарихи кітаптарды көп оқыған. Әкесі Әлібек — сөзге ділмәр, шешен, би болған.
Төле он бес жасынан бастап ел ісіне араласып, ақыл-парасатымен, әділ шешімімен және шешендік өнерімен ерекшеленеді.
Нақыл сөздер
Жаңбыр жаумаса — жер жетім,
Басшысы болмаса — ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім.
Атың жақсы болса —
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса —
Жайқалып өскен құрағың.
Әйелің жақсы болса —
Бірінші — иманың,
Екінші — жиғаның,
Үшінші — ырысыңның тұрағы.