Ақтөбе облысы әкімшілігінің аппаратын басқару жағдайы туралы қазақша реферат
Ақтөбе облысы әкімшілігі аппаратының басқару жағдайы
Аппараттың ұйымдастыру қызметі басшылық жасайтын бағыттары бойынша ұйымдармен, қала әкімі аппаратының бөлімдерімен және қалалық мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізіліп, бөлімде іс жүргізу толық көлемде ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңының талаптарын орындау аясында бөлім жұмысы қала әкімі аппаратының қолданыстағы нұсқаулықтары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырылады. Осы құжаттарға сүйене отырып, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімі жетекші маманының міндеттері
-
Сайлау автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістерді уақытылы енгізуді жүзеге асырады.
-
Бөлім бастығының тапсырмасы бойынша бөлім қызметіне қажетті жедел ақпаратты жинауды қамтамасыз етеді.
-
Іс жүргізуге жауапты болады.
-
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізеді және бөлімдегі іс жүргізуді ұйымдастырады.
-
Қала әкімі аппаратының қолданыстағы нұсқаулықтары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бөлімге жүктелген өзге де міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.