Тілдің операторлары

Мазмұны

  1. 1Кіріспе
  2. 21-тарау. Паскаль тілінің негізгі түсініктері
  3. 31.1 Turbo Pascal тілінің операторлары
  4. 41.2 Циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалау
  5. 51.3 Алғышартты цикл операторы. WHILE операторы
  6. 61.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру. REPEAT операторы
  1. 71.5 Параметрлі қайталану операторы. FOR операторы
  2. 81.6 Күрделі циклдер
  3. 91.7 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. Қадам бойынша орындау әдісі
  4. 101.8 Мысал есептер
  5. 111.9 Қайталау (цикл)
  6. 122.0 Сызықтық және тармақталған құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
  7. 132.1 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
  8. 14Қорытынды
  9. 15Әдебиеттер тізімі

1. Паскаль тілінің негізгі түсініктері

Паскаль тілінде латын әріптері (AZ, az), араб цифрлары (09) және арнайы таңбалар қолданылады.

Паскаль тілінің алфавиті және арнайы таңбалар

Арифметикалық және салыстыру амалдары

операторлар

+, -, *, /, >, <, <>, <=, >=, @

Арифметикалық және логикалық функциялар

кілтсөздер

DIV, MOD, NOT, AND, OR, IN, SHL, SHR

Тыныс белгілері және олардың қызметі

  • { } немесе (* *) — түсініктеме (комментарий) жазуға арналған жақшалар.
  • [ ] — массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу.
  • ( ) — айнымалылар тізімін көрсету.
  • ' ' — апостроф (жолдық/символдық тұрақтылар).
  • := — меншіктеу (тағайындау) белгісі.
  • ; — операторлар мен хабарларды ажырату.
  • : — айнымалыны (атауын) типінен бөлу.
  • = — типті оның сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен бөлу.
  • , — тізім элементтерін ажырату.

Бағдарлама құрылымы

Паскаль бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұруы мүмкін. Соңғы бөлімнен басқа бөлімдердің барлығы бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.

  • 1 Бағдарлама тақырыбы
  • 2 Белгілер (label) бөлімі
  • 3 Тұрақтылар (const) бөлімі
  • 4 Типтерді сипаттау (type) бөлімі
  • 5 Процедуралар мен функцияларды сипаттау
  • 6 Бағдарлама денесі

Стандартты мәліметтер типтері

Бағдарламалау барысында алдын ала анықтауды қажет етпейтін стандартты типтер және бағдарламалаушы өзі анықтайтын типтер қолданылады. Стандартты типтерден басқа барлық типтер типтер бөлімінде немесе айнымалылар/тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы керек.

Бүтін типтер

SHORTINT, INTEGER, LONGINT, BYTE, WORD

Нақты типтер

REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP

Логикалық тип

BOOLEAN

Символдық және жолдық типтер

CHAR, STRING, PCHAR (ASCII-жол)

Текстік файл

TEXT

Қарапайым типтерге арналған негізгі функциялар

DEC(N)

N мәнін азайту.

INC(N)

N мәнін арттыру.

ORD(N)

N мәнінің реттік нөмірін анықтау.

ODD(N)

N мәнінің тақ екенін тексеру.

PRED(N)

N мәнінің алдыңғы мәнін алу.

SUCC(N)

N мәнінің келесі мәнін алу.

Нәтижесі бүтін болатын арифметикалық амалдар мен функциялар

Негізгі функциялар

  • ABS(N) — N санының абсолют шамасы.
  • TRUNC(X) — нақты санның бүтін бөлігі.
  • ROUND(X) — нақты санды бүтінге дейін дөңгелектеу.
  • SQR(X) — санды квадраттау.

Бүтін бөлу және қалдық

  • A DIV B — бүтін бөлу.
  • A MOD B — бөлуден қалған қалдық.
  • + — қосу, - — азайту, * — көбейту.

Логикалық функциялар

NOT

Терістеу.

OR

Біріктіру (логикалық қосу).

AND

Қиылысу (логикалық көбейту).

XOR

Екілік модуль бойынша қосу.

Стандартты математикалық функциялар

ABS(X)

X санының абсолют мәні.

ARCTAN(X)

Арктангенс.

COS(X)

Косинус.

SIN(X)

Синус.

EXP(X)

Экспонента.

FRAC(X)

X санының бөлшек бөлігі.

Туынды формулалар

ARCCOS(X) = ARCTAN(SQRT(1 - SQR(X)) / X)

ARCSIN(X) = ARCTAN(X / SQRT(1 - SQR(X)))

Тілдің негізгі операторлары

BEGIN ... END

Құрама оператор (бірнеше операторды бір блокқа біріктіреді).

IF ... THEN

Шартты оператор.

CASE ... OF

Таңдау операторы.

FOR ... DO

Параметрлі қайталау операторы.

REPEAT ... UNTIL

Шарт орындалғанға дейін қайталау.

WHILE ... DO

Алғышартқа байланысты қайталау.